Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.07.2020

Қызметтер

Асан ауылдық округ әкімі аппаратына 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жыл қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

«Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Асан ауылдық округі, Асан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі 15,тел: 8(71233)7-30-54 эл.пошта: akimat_asan@mail.ru

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес Асан ауылдық округ әкімінің 2018 жылғы 05 қаңтардағы №05 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобын құру туралы» өкімі қабылданды. Аталған өкім негізінде Асан ауылдық округ әкімінің аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Асан ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы А.Нурлановқа жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Округ әкімі аппараты қызметін Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №552 «Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №495 «Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 22 қаңтардағы №8 «Асан селолық округі әкімі аппаратын құру туралы» қаулысымен бекітілген Ережеге өзгеріс енгізу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі қаулысына сәйкес округ әкімі аппаратының штаттық саны – 4 бірлікті құрайды, онын нақты саны – 4 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 4 адам жіберілді. Есепті мерзім ішінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Округке жеке тұлғалардан 2019 жылдың ІІ жартыжылдық жағдайы бойынша жеке тұлғадан 4 өтініш түсіп, оның 4-еуі де қанағаттандырылды. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 7-30-48 сенім телефоны орнатылған. Асан ауылдық округ әкімі аппаратында есепті мерзім ішінде округ әкімінің 70 өкім, 6 шешімі қабылданды.

Округ ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Парақорлық балалардың арманын ұрлау», «Параға емес биікке ұмтыл» атты жадынамалар ілінді. Округтің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады. Округтің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2020 10:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2020 10:31

Қаралым саны: 200