Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

Техникалық реттеу мәселесі бойынша ЕЭО шеңберінде мемлекеттік бақылау

27.07.2018 ж. ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ЕЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді.

Департамент басшысы Салтанат Камешева «ЕЭО-тың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерге арналған ақпараттық жүйені қалыптастыру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы» яғни осы пилоттық жобаны 2018-2019 жж. іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген ЕЭО кеңесінің 10.05.2018 ж. № 74 шешімімен таныстырды.

Сондай-ақ, Одақтың ресми сайтында осы ұсыным жарияланған күннен бастап, Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауды мемлекеттік бақылау шараларын қолданған кезде, осы Ережені басшылыққа алу керектігі айтылған «ЕЭО-қа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының ЕЭО-тың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік бақылау (қадағалау) бойынша шараларды жүзеге асырудағы өзара іс-қимылы туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы ЕЭО Алқасының Ұсынысын толығырақ қарастырды.

Ережеге ЕЭО-қа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының ЕЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік бақылау (қадағалау) бойынша шараларды жүзеге асыру кезінде өзара әрекеттесу тәртібі ЕЭО-тың техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді анықтау бойынша мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының стандартты іс-әрекеттерінің алгоритмі әзірленді.

Жоғарыда аталған құжаттар EЭК интернет-ресурсында Мемлекеттік бақылауды аккредитациялау және үйлестіру бөлімінде орналасқан.


Мақаланың шыққан күні: 30.07.2018 09:26

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 07:56

Қаралым саны: 930