Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Спортшыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл спортының деңгейін көтеру, жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға ынталандыру, сонымен қатар, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру мақсатында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 сәуірдегі бұйрығын басшылыққа ала отырып, спортшыларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Атап айтқанда, 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, бірінші, екінші, үшінші жасөспірімдік-разрядты спортшы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бере аламыз. Ол үшін жетістікке жетіп жүрген спортшылар тиісті құжаттарын жинақтап, халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырса болды. Егер барлық қағаздары мен құжаттары талапқа сай болса, тиісті біліктілік санаттары берілетін болады.

Қосымша ақпараттар алу үшін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 8(71238) 21617 телефонына хабарласуға болады.

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімі


Мақаланың шыққан күні: 30.01.2020 17:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2020 17:58

Қаралым саны: 217