Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Жаңаталап ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

I. Кіріспе.

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

«Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Жеке/заңды тұлға/ электронды поштаның мекен жайы/ телефон номірі

«Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Kirov_akimat@mail.ru , Хиуаз ауылы, Егемен Қазақстан көшесі 22а тел. 87123334275

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: басталды 09 қаңтар 2020, аяқталды 14 қаңтар 2020 жыл.

4.Бақыланатын кезең 2019 жыл шілде – желтоқсан айларының қызметі

II. Ақпараттық- талдамалық бөлім

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

 Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының   7- 8- бабтарының және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 03 мамырдағы № 134 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады.

Жаңаталап ауылдық округі өз қызметін атқаруда:

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңы»;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

 - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы және т.б. нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 1(бір) түрін көрсетеді:

1. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.

Жаңаталап ауылдық округ әкімінің аппараты жеке/заңды тұлғалардан 2019 жылдың 6 ай ішінде 25 өтініш келіп түсіп,  6 өтініш қанағаттандырусыз қалдырылды, 4 жеке тұлғаның өтінішіне түсінік беріліп, 15 өтініш қанағаттандырылды.              

Жаңаталап ауылдық округ әкім аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге және оны болдырмауғабағытталған шаралар үнемі бақылауда ұсталып, жұмыс жүргізілуде. Осы бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты саналы түрде түсіндіру бағытында төмендегідей шаралар өткізілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша халыққа ашықтықты қамтамасыз ету, қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері стенд түрінде округте дәлізінде ілінді. Округ бойынша күні бүгін мемлекеттік қызметтің 1түрі көрсетіледі. «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын ұжымдар арасында, халық арасында насихатталып, жадынамалар таратылып, ай сайын фото есеп беріліп отыр. Жер пайдалану саласында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, округ бойынша жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарының бұзылуына, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу үнемі назарда ұсталып, бақылауда болады. Ағымдағы жылдың қараша, желтоқсан айында округ әкімінің кеңесшісінің аудандық «Серпер» баспасөзіне «Көпшілікті тұрғынжай мазалайды», «Әділдік жоқ жерде пара жүреді» атты мақаласы жарияланды.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:01

Қаралым саны: 207