Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7,8 баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық бөлім өз қызметін Индер ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 қарашадағы №317 «Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімінің өкіміне сәйкес бөлімнің штаттық саны – 3 бірлікті құрайды, онын нақты саны - 2 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына - 2 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 -V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж ҚР-ның азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-09-28 сенім телефоны орнатылған. Аудандық бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стенд жасақталып, көрнекі жерге ілінді. Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз», «Адалдық пен сатылмайтындық Атамекенге деген сүйіспеншіліктің белгісі», «Еліміздің өркендеуі адал және сатылмайтын азаматтардың қолында», «Біздің құндылықтар – білім беру ісіндегі адалдық пен академиялық шыншылдық», «Міндетіміз ортақ – жемқорлықсыз болашақ» атты жадынамалар ілінді.

Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 08.11.2017 06:04

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.11.2017 06:04

Қаралым саны: 1179