Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
09.07.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2017 жылдың 1 қаңтар мен 1 қазан аралығында жүргізілді.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Аудандық бөлім қызметін Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 тамыздағы №182 «Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 4 бірлікті құрайды, онын нақты саны - 4 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 4 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Есептік кезеңіңде, 2017 жылғы қаңтар айынан 1 қыркүйек айы аралығында 1 қызметкер жұмыстан босатылды, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты. Жұмыстан босатылған маман сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.

Сондай-ақ, бөлім басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.

2016 жылыдың қорытындысымен Бөлімге қатысты Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен қылмыс және басқа заң бұзушылықтарды жасауға себеп болған жағдайларды жою туралы ұсыныстар берілді.

Ұсыныстар назарға алынып кемшіліктер жойылды.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 06 мамырдағы №4-3/421 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №31 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдедегі №593 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы №132- ІV Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы;

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-10-38 сенім телефоны орнатылған. Аудандық бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стенд жасақталып, көрнекі жерге ілінді. Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді. Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас

жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Бөлім бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Есептік кезеңде Бөлімнің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Жоғарыда айтылғандай, Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.


Мақаланың шыққан күні: 06.10.2017 01:12

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.10.2017 01:12

Қаралым саны: 1389