Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

«Индер аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2017 жылдың 1 қаңтар мен 1 қырқүйек аралығында жүргізілді.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында бөлім қызметкерлері мен мектеп директорларының қатысуымен 2017 жылы ақпан айында «Нұр Отан» партиясының «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын» орындау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, талқыланды. Бөлім басшысының 2016 жылғы 20 ақпандағы №66 бұйрығымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұлжытпай сақтап отыру бөлімнің бас есепшісі З.Супалиеваға жүктелген. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң талаптарының сақталуына бақылау мен басшылық жасап, тиісті жұмыстарын жүргізіп отыруға жауапты болып бөлімнің әдіскері А.Шуйншкалиева тағайындалды. Бөлімде жұмыс істейтін 4 мемлекеттік қызметкерлердің бәрі жыл сайын мезгілінде декларацияларын тапсырып отыр және бұл мәселе қатаң бақылауда тұр. Ар-намыс кодексінің мәтіні бөлім ғимаратының көрнекі жерінде ілінген, мәтінмен барлық мамандар, мектеп басшылары, әдіскерлер мен есепшілер таныстырылып, ол жөнінде арнайы кітапқа қолдары қойылды. Мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабы ашылған, кадр жұмысы жөніндегі маманда сақталып, жүргізіліп

отырады. Бөлімде тіркелген азаматтардың өтініштері заңда көрсетілген тәртіппен қаралып, жауаптары мерзімінде беріліп отыр. Әр тоқсан сайын мектептерден жасалған жұмыстар туралы мәліметтер жиналып қорытынды ақпараты тиісті органға жіберіліп отырылады. Есептік кезеңіңде, 2017 жылғы қаңтар айынан 1 қыркүйек айы аралығында 1 қызметкер жұмыстан босатылды, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты. Жұмыстан босатылған маман сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.Сондай-ақ, бөлім басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Аудандық білім бөлімінде және барлық білім беру ұйымдарында 2016 жылдың қорытындысы бойынша білім беру саласында құқық бұзушылық, қаржылық тәртіпті бұзу, соның ішінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен ұйымдастырылуы бағытындағы заң бұзушылықтар анықталып, ұсыныстар назарға алынып кемшіліктер жойылды.

2017 жылы аудандық «Дендер» газетінде көптеген мақалалар жолданып жарық көрген болатын. Атап айтсақ: 2017 жылы 15 қаңтарда №3 «Құтайтпайтын дерттен аулақ болайық», «Жас ұрпақ санасы уланбасын десек», 12 сәуірде №15 «Қатаң бақылауда тұрған мәселе!», 17 мамырда №20 «Құқықтық сауатты болмақ керек», «Заңды сыйлау әліппесін үйретіп...», 5 шілдеде №27 «Жемқорлыққа қарсы тұру – ортақ парыз» тақырыптарындағы мақалалар жарияланды.

Аудандық білім бөлімі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-04-20 сенім телефоны орнатылған. Аудандық бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стенд жасақталып, көрнекі жерге ілінді. Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас

бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді. Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.Есептік кезеңде бөлімнің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ. Жоғарыда айтылғандай, Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.


Мақаланың шыққан күні: 08.11.2017 07:02

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.11.2017 07:02

Қаралым саны: 1240