Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Ақкөл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

І.Кіріспе

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

«Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Жеке/заңды тұлға./ электронды поштаның мекен жайы/телефон нөмірі

«Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Akkol.akimat @mail.ru , Ақкөл ауылы, Иманов көшесі 36 үй, 87123371077, 87123371011.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: басталды 11 маусым 2018 жыл, аяқталды 18 маусым 2018 жыл.

4. Бақыланатын кезең 2018 жыл қаңтар- маусым айларының қызметі

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Ақкөл ауылдық округі әкім аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 06 қарашадағы № 526 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады.

Ақкөл ауылдық округі өз қызметін атқаруда

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

және т.б. нормативтік құқықтық актілер қолданады:Округ әкім аппараты мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;

2.«Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұйымдастыру;

Ақкөл ауылдық округі әкім аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге және оны болдырмауға бағытталған шаралар үнемі бақылауда ұсталып, жұмыс жүргізілуде. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініш кідіріссіз қабылданып, қаралып, уақытында жауабы беріліп отыр. Округ бойынша жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы жер кодексі талаптарының бұзылуына, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу-үнемі назарда ұсталып келеді. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында, округте 7-10-11 сенім телефоны жұмыс жасайды.Әкімшілік ғимаратында, жеке және заңды тұлғалардың арыз мен шағымдарына арналған пошта жәшігі орналастырылған. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерінің нәтижесі болар, өткен жыл ішінде ауыл тұрғындарынан ешқандай шағым ұсыныс-пікірлер түскен жоқ.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ауыл тұрғындарымен үгіт- насихат жүргізу мақсатында ауыл көшелеріне бильбордтар орналастырылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу,олардың жолын кесу, халық арасында сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қоғам үшін қауіпті дерт» тақырыбында мамыр айында аудандық серпер газетіне мақала жолданды.Елбасының саясатын халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында халықтың көп шоғырланған жерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмыстармен қоса, жемқорлыққа қарсы Қоғамдық бақылау картасы жобасы ұжым арасында насихатталып, жасақталған жадынамалар апта сайын халық арасында таратылды.


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 03:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 03:13

Қаралым саны: 1335