Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

1.Кіріспе

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің мәні:

"Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу туралы

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Жеке, заңды тұлға/ электронды поштаның мекенжайы/телефон нөмірі

"Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, Приморье ауылы, Исатай көшесі -29 үй, 87123337507,87123337510,87123337508.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг кезеңі

Басталды желтоқсан 20 желтоқсан 2018 жыл, 27 желтоқсан аяқталды 2018 жыл

4.Бақыланатын кезең: 2018 жыл шілде-желтоқсан айларының қызметі.

ІІ.Ақпараттық- талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар,ұйымдар,квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері

Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты ,Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді.

Теңіз ауылдық округі бойынша 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шара жоспары жасақталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына сәйкес жұмыстар жүргізілді. Бұл заң округ әкімі аппараты қызметкерлерімен талқыланып, Заң талаптары түсіндірілді. Әкім аппараты ғимаратының көрнекі жерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі», Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, «Сенім жәшігі» орнатылған.

Теңіз ауылдық округінде 6 мемлекеттік қызметкер лауазымды міндеттеріне сай жұмыс жасайды. Бұл қызметкерлер кәсіпкерлікпен, заңға қайшы келетін табыс көздерімен жұмыс жасамайды. Жыл сайын салық басқармасына табыс және мүлік салығы туралы декларациясын тапсырып отырады.

Жыл ішінде округ бойынша заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің және шаруашылық құрылымдарының қызметтерінде заң шеңберінен тыс араласу, сыбайлас жемқорлық фактілері болған жоқ.

Округ тұрғындарынан түскен арыздар уақытында тіркеліп, дер кезінде қаралып, шешім қабылданып, алынған шешімдер туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабарланады. Округтің бюджет қаржысының өз мақсатында жұмсалуы, қаржыны пайдаланудың талаптары сақталуда.

Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 06 қарашадағы № 531 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады. Округте штаттық саны 6 бірлікті құрайды. Ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Теңіз ауылдық округі өз қызметін атқаруда

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»заңы;

-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221- ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»заңы

және т.б нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1.Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;

2.Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты жеке тұлғалардан жыл ішінде 53 өтініш келіп түсіп, 14 жеке тұлғаға түсінік беріліп, 39 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 63 шешім, 93 өкім қабылданды.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында округте 3-75-07 сенім телефоны жұмыс жасайды.

«Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 04.01.2019 15:00

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.01.2019 15:00

Қаралым саны: 656