Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың II жартыжылдығына жыл қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Байда ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі, baida_akimat@mail.ru Котяев ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі №47, 8(71233)61535, 61411

2019 жылдың II жартыжылдығына жыл қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат.

Байда ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде,  келесі ақпаратты ұсынады:

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы №524 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне  сәйкес мекеменің штаттық саны –         6 бірлікті құрайды, онын нақты саны -6 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 6 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Байда ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»;

- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2019 жылғы 22 ақпандағы № 94 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №15 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95- IV «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі».

Байда ауылдық округі әкімінің аппараты қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Байда ауылдық округі әкімінің аппаратына қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына сәйкес бөлімде келесі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1. Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру;  

2019 жылдың ІI жартыжылдығында жалпы саны- 1 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. 2019 жылдың ІI жартыжылдығында шыққан өкім саны-52, шешім саны -24. Барлық мемлекеттік қызмет бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет уақытынан кешіктіріліп орындалған жоқ.

Байда ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан                  2019 жылдың ІI жартыжылдығы жағдайы бойынша - 12 өтініш келіп түсіп, 11 тұлғаның өтініштері қанағаттандырылып, 1 тұлғаның өтініші түсіндірілді. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 8 (71233) 6-15-35 сенім телефоны орнатылған.  

Байда ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру үшін «Бүгін пара алсаң Ертең түрмеге қамаласың», «Пара берме, алма», «Міндетіміз ортақ – жемқорлықсыз болашақ», «Құпия сыр бәрібір әшкере болады» атты жадынамалар ілінді. Сонымен қатар ауылдық округ орталығында «Параға емес биікке ұмтыл», «Пара берме, алма» деген жазбамен билборд ілінулі. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

Байда ауылдық округі әкімінің аппараты басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын факторлар айқындалған жоқ.

Мекемеде  жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:01

Қаралым саны: 192