2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

«С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

«С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Құрманғазы ауылы, Абай көшесі 2 үй, 2-13-99 dk_ganishkino@mail.ru

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ы «Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Мекеме бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін 16.01.2020 ж. №13 бұйрығымен директордың орынбасары Нугманов Бекжан тағайындалды.

«С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ы, өз қызметін бекітілген07.03.2019 ж. №116-1915-03-МК Жарғыға сәйкес атқарады.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қарашадағы №361 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес мекемедегі қызметкерлердің штаттық саны – 55 бірлікті құрайды, оның нақты саны – 55 бірлік. Бос тұрған лауазым орны жоқ. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Қызметкерлерден шағым түскен жоқ.

«С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ыөз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданады.

 - «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция;

- «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 «Мәдениет туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-І «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

- «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

 - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Қазақстан Республикасының Заңы;

- 100 нақты қадам – Ұлттық жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;

 - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Заңының талаптары сақталған.

Мекеме басшысының атына 2019 жылдың ІІ жарты жылдығында арыз түскен жоқ. Оның ішінде жеке тұлғадан – жоқ, заңды тұлғадан – жоқ.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік, ғимаратта көрнекі орынға орналастырылған, мекемеде 2-13-99 сенім телефоны орнатылған.

Мекеме бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыптарында мақалалар жарияланып келеді.

Мекеменің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Атырау адалдық алаңы», «Әділдік, сенімдік, парасаттық», «Кішіпейілдіктен кішіреймейсіз» атты жадынамалар ілінді.

Мекеменің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген Нугманов Бекжан Тулегенович


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 18:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 18:15

Қаралым саны: 191