Array Бизнесті мемлекеттік қолдау | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.05.2017

Қызметтер

Бизнесті мемлекеттік қолдау

Шағын және орта бизнесті қолдау және дамуы

Қабылданған мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде, өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің өсуі байқалады.

2016 жылдың 1 шілдесіне жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 47 652 бірлікті құрады (2015 жылдың деңгейіне 100,3%, республика бойынша орташа 101,9%).

Жұмыспен қамтылғандардың саны 121,3 мың адам (2015 жылдың деңгейіне 113,6% өсім, республика бойынша орташа 104,1%).

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 2016 жылдың 1 тоқсанындағы шығарылған өнімі 181,4 млрд.теңгені құрады, 2015 жылға 20,9%-ға өсім (республика бойынша орташа 100,3%).

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санының, олармен шығарылған өнімнің көлемінің өсуінен Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесінің өсуі байқалады, алдын-ала берілген статистикалық мәліметтерге сәйкес 2015 жылдың қорытындысымен 13% құрады (2014 жылы-8,8%, 1,5 рет өскен).

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері (2010 жылдан бастап 2016 жыл) өңірде жалпы несие сомасы 36,9 млрд.теңге болатын 431 кәсіпкердің жобасы қаржыланып, нәтижесінде бұл жобалар бойынша 3 362 жаңа жұмыс орны құрылып, 9,8 млрд.теңгеден астам салық төленді.

Экономиканың жаңа секторлары пайда болды (кабель өнімдерін шығару, сиыр, ешкі және түйе сүттерін терең өңдеу, тауарлық бекіре өсіру, жүнді өнеркәсітік қайта өңдеу және жүн өнімдерінің өндірісі, қамысты өңдеу және т.б.). Шағын және орта субъектілерінің 19 объектісіне инфрақұрылым жүргізілді. Қазіргі кезде Бағдарламамен барлық аудандар қамтылған.

2016 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 2,5 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді (оның ішінде: субсидиялауға–1 473,7 млн.теңге, кепілдендіруге –179,8 млн.теңге, грант ұсыну құралына –22 млн.теңге, шағынкредиттеуге–197,4 млн.теңге, өндірістік инфрақұрылымды құруға - 692,8 млн.теңге). Мақұлданатын жобалардың болжамды саны – 155).

Ағымдағы жылдың басынан бастап несие сомасы 1,4 млрд.теңге болатын 37 жоба субсидиялау құралына ие болды, нәтижесінде 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Жалпы құны 235,8 млн. теңге болатын 27 жоба ішінара кепілдендіру сияқты мемлекеттік қолдауға ие болды.

Мемлекеттік грантқа ие болу үшін кәсіпкерлерден 23 өтінім түсіп, конкурс өткізілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері, 2010-2016 жылдары облысымызда– 8 118 кәсіпкер қаржылық емес қолдау алды.

«Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 4081 кәсіпкер оқытылды, топ – менеджментке 69 кәсіпкер оқытылды.

Бизнесті жүргізу үшін сервистік қолдау бойынша 3 887 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 8 308 сервистік қызмет көрсетілді.

«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша Қазақстанда 76 кәсіпкер бизнес тренингтерден өтті және 14 кәсіпкер әр түрлі елдерден тәжірибеден өтті.

«Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы бойынша 60 жас кәсіпкер оқудан өтті.

Ұлттық қордың есебінен өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы сомасы 8,0 млрд.теңге болатын 46 жобасы қаржыландырылды, 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Бүгінгі күнге дейін, кепілдеме өтімділігінің төмендігіне байланысты Екінші деңгейлі банктердің ауыл кәсіпкерлеріне несие бермеу себебінен бірқатар қиындықтар кездесіп келді.

Аталған мәселені шешу мақсатымен, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жылдық мөлшерлемесі 7%-бен ауыл кәсіпкерлеріне қайтарымды несие беру үшін соңғы 4 жылда жергілікті бюджеттен 807 млн.теңге бөлінді (Барлығы 163 жоба мақұлданды), негізгі шарттары: несие 4 жылға 7 пайызбен беріледі, бір қарыз алушыға минималды қарыз сомасы - 500 мың теңге, максималдысы – 17 млн.тенге).

Республикалық бюджеттен Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы шеңберінде микрокредиттеуге 197,4 млн.теңге бөлінді (негізгі шарттары: несие 5 жылға 12 пайызбен беріледі, бір қарыз алушыға максималды берілетін несие сомасы-10 млн.теңге). Ағымдағы жылдың аяғына дейін аталған қаражат толығымен игеріледі.

Сонымен қатар бірлесіп қаржыландыру үшін 500 млн. теңге бөлінді, оның 250 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен және 250 млн. теңге «Даму» Қорынан бөлінді. Қаражатты игеру үшін екінші деңгейдегі 4 банк анықталды (Қазақстан Халық Банкі, Центр Кредит Банкі, АзияКредит Банкі және Казкоммерцбанкі), жобаларды іріктеу басталды. Қаржыландыру қыркүйек айына дейін жоспарланған (негізгі шарттары: несие 7 жылға 8,5 пайызбен беріледі, бір қарыз алушыға максималды қарыз сомасы - 50 млн.теңге).

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Атырау бизнес-инкубаторы жеңілдетілген өндіріс алаңдарын ұсынады (бүгінгі күні оның өндірістік алаңында 26 кәсіпкер жобасы орналастырылған, жұмысшылар саны - 96).

Қазіргі кезде 210 га болатын индустриялық аймаққа техникалық экономикалық негіздеме жасақталып, оған сараптама жүргізіліп жатыр. Үш жеке индустриялық аймақ жұмыс істеуде (SGT Group, ТОО «Жігермұнайсервис», «Карат групп»).

Жоғарыда аталған шаралардан басқа кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша өңірде тұрақты түрде аудандарға шығу, «дөңгелек үстелдер» семинарлар, тренингтер және т.б. өткізілуде.

Сонымен бірге, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі өкілдерінің қатысуымен облысымыздың шағын, орта және ірі кәсіпкерлерінің жобаларын несиелеу бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне әдістемелік және кеңес беру түрінде семинар-кеңес ұйымдастырылады, сонымен қатар, Еуропалық қайта құру және Даму банкімен «Әйелдер бизнесте» бағдарламасы шеңберінде бөлінген 3,7 млрд.теңге мөлшеріндегі қаражатқа «БанкЦентрКредит» АҚ аймақтық филиалының өкілдерінің қатысуымен әйел кәсіпкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша жиналыс ұйымдастырылды. Аталған бағдарлама бойынша Атырау облысында әйел кәсіпкерлерінің несие сомасы 71,7 млн.теңгеге 5 жоба қаржыландырылды, несие сомасы 87 млн.теңгеге 2 жоба мақұлданды, жалпы несие сомасы 580 млн.теңгеге 2 өтініш қаралу үстінде.

Облыс кәсіпкерлері үшін «бір терезе» қағидаты бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Атырау қаласында жұмыс жасап тұр, облыстың барлық аудандарында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылды, онда кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті барлық қызметтер көрсетілуде.

2013 жылдың мамыр айынан бері Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы жұмыс істейді, ай сайын кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру бойынша облыс аудандарына шығады.


 

 


 

2013 жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны 29116 бірлікті құрады, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  1,3%-ға көбейген.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 91,3 мың. адамды құрады, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  7,2%-ға көбейген.

Шағын және орта  кәсіпкерлік саласында сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі 242  млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті көрсеткішімен  салыстырғанда 1,0%-ға көбейген (өсім үрдісі тұтыну баға индексінің есебімен).

Болжамдық мәліметтер бойынша 2013 жылы шағын және орта  кәсіпкерлік саласында сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі  420,0  млрд.теңгені құрайды.

 


 

"Бизнестiң жол картасы 2020" бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. Жергiлiктi атқарушы органдар ай-сайын, есептiден кейiнгi айдың 15-күнiне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне Бағдарлама iс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның iшiнде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде бөлiнетiн қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Толығырақ(скачать)


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 14:56
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.09.2016 13:33