Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

Ресейден келген қонақтар "Тұлпар" лагерінде

Ресейден келген қонақтар 22 маусым – 6 шілде аралығында Атырау қаласы Бесікті елді мекеніндегі «Тұлпар» демалыс лагерінде Ресей Федерациясының Астрахань облысының Краснояр ауданының оқушылары демалды.

Бағдарламаға сәйкес облыстық «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерімен кездесулер, Атырау қаласының көрнекті жерлері және Сарайшық тарихи-мемориалдық кешеніне саяхаттар ұйымдастырылды.

Қонақтарға арналған Елордамыз Астана қаласының 19 жылдығына және «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 6 жылдығына орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама өткізілді. Ресейден келген қонақтар сондай-ақ, Қазақстан Республикасының тарихы, негізгі мерекелері, балалар мен жасөспірімдер қозғалысы, т.б. туралы мәлімет алды.

Демалыс кезеңінде танымдық, спорттық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

 Ресейден келген қонақтар


Мақаланың шыққан күні:: 21.09.2017 07:16
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.09.2017 07:16