Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы әкімі аппараты Баспасөз қызметі бөлімінің 2019 жылдық есебі

Баспасөз қызметі бөлімінің негізі міндеті – Атырау облысы әкімдігінің қызметін, аймақ басшысының жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен көрсету, халық пен билік арасында тығыз қарым-қатынас орнату.

Бұл мақсатта Атырау облыстық әкімдігі республикалық, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен қалай тығыз жұмыс жасаса, халықпен тікелей және кері байланысты күшейту мақсатында да әлеуметтік желілермен бірлесіп жұмыс жасап келеді. Олар - облыстық әкімдіктің Telegram t.me/akimatatyrau қосымшасы, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері, Атырау Цифрлық Қабылдау» мобильді қосымшасы.

Telegram t.me/akimatatyrau қосымшасына облыс әкімінен бастап орынбасарлары, қала әкімі мен оның орынбасарлары, басқармалар мен барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің басшылары енгізілген. Қазіргі таңда халықтың бұл қосымшаға деген қызығушылығы жоғары. Тіркелуші саны да, түсетін сұрақтың саны да күн санап артып келеді. Мәселен, жыл басында 3 800 адам тіркеліп, 3 200 сұрақ түссе, бүгінде 15 128 адам тіркеліп, 11 111 сұрақ түскен. Осы сауалдардың 11 084-і өз шешімін тапты.

Telegram t.me/akimatatyrau қосымшасына облыс әкімінен бастап орынбасарлары, қала әкімі мен оның орынбасарлары, басқармалар мен барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің басшылары енгізілген. Қазіргі таңда халықтың бұл қосымшаға деген қызығушылығы жоғары. Тіркелуші саны да, түсетін сұрақтың саны да күн санап артып келеді. Мәселен, жыл басында 3 800 адам тіркеліп, 3 200 сұрақ түссе, бүгінде 15 128 адам тіркеліп, 11 111 сұрақ түскен. Осы сауалдардың 11 084-і өз шешімін тапты.

2019 жылдың ақпан айынан бастап жыл соңына дейін осындай 80 тікелей эфир өтті. Жалпы, әкімдіктің Фейсбук әлеуметтік желісінде 6 945 адам, Инстаграм әлеуметтік желісінде 60 400-ден астам адам тіркелген.

Сонымен қатар, 2019 жылы Атырау облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-ның баспасөз орталығында облыс әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес және жоспардан тыс 282 спикердің қатысуымен жалпы саны 148 баспасөз-мәслихаты өткізілді. Өткен баспасөз жиын туралы ақпарат жергілікті және республикалық БАҚ беттеріне шығып отырады.

2019 жылдың сәуір айынан бастап облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен және жіті қадағалауымен әр айдың соңғы жұмасында барлық әлеуметтік мекемелерде «Ашық есік» күндері өтіп келеді. Бұл да халық пен билік арасындағы кері байланысты жандандыруға өзіндік үлесін қосып отыр. Аталған шараны өткізетін мекеме алдын ала өздерінің әлеуметтік желісінде қалай және қайда өтетіндігі туралы хабарландыру береді. Тұрғындар сол жерге барып, өзіне қажетті ақпаратты немесе сауалына тікелей жауап ала алады. Талдау барысында басым көпшілігі медициналық мекемелерге көп

жүгінетіндігі байқалды. Қалаған дәрігерінен тегін кеңес алып, алғашқы ем қабылдағандары да бар.

Жалпы, 9 рет өткен «Ашық есік» күніне 14 031 тұрғын қатысты. Олардан түскен сауалдар мен ұсыныстар бойынша заң шеңберінде жұмыстар жасалуда.

Атырау облысы әкімдігі халықпен тығыз қарым-қатынаста болудың осындай бірнеше жолдарын жолға қойып, оңтайлы жұмыс жасауда. Бұл жұмыстар қазіргі таңда өзінің тиімділігін көрсете алды.


Мақаланың шыққан күні: 13.01.2020 12:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.01.2020 12:01

Қаралым саны: 364