Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған отбасы балаларына берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтама

Атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған отбасы балаларына берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтамаҚазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30-желтоқсандағы №1032 қаулысымен Кепілдік берілетін әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдері айқындалып, бекітілді.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама:

1) атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына тоқсан сайын;

2) тиісті оқу жылы кезеңінде – орта білім беру ұйымдарында оқитын, алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға ай сайын беріледі.

Бір жастан алты жасқа дейінгі балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама бекітілген көмектің түрлері мен көлемдеріне сай азық-түлік жиынтығы мен гигиеналық құралдарды құраса, орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама мектеп формасын не спорттық форманы және мектеп-жазу керек-жарақтарының жиынтығын, оқу жылы кезеңіндегі оқу күндері оқитын жері бойынша бір реттік ыстық тамақты, қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тасымалдау кезінде билеттің құнының кемінде 50 проценті мөлшерінде қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді қамтиды.

Аталған пакетті алу үшін республикалық бюджеттен 3 260 балаға 207,0 млн.теңге қаражат бөлінді.


Мақаланың шыққан күні: 05.02.2020 15:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.02.2020 11:07

Қаралым саны: 277