Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

«Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» ММ 2017 жылғы 30 мамыр (Астана қаласының уақыты бойынша) сағат 11:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz мекен-жайы бойынша интернет желісінде орналастырылған) аудандық коммуналдық меншік обьектілерін сату бойынша электрондық аукцион өткізеді

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА!

Р/с
Обьектінің атауы мен орналасқан мекен-жайы Балансұстаушы Бастапқы баға (теңге) Кепілдік жарна (теңге) Сауда-саттық нысаны мен әдісі
1 Шағын орталық ғимараты, село Тұрғызба «№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» ММ 7 403 686 1 110 553 Бағаны көтеру электрондық аукционы
2 Монша ғимараты,Шоқпартоғай селосы "Жылыой ауданы Қара Арна селолық округі әкімінің аппараты"ММ 1 196 154 179 424

Электрондық аукционның қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын–2017 жылы 30 мамыр сағат 9:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша) аяқталады.

Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін

Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Бағаны көтеру электрондық аукционның жүргізу әдісі:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.
Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қ, Махамбет даңғылы 20 үй мекен жайында қол қойылады.

Электрондық аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың;

мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – қатысушының акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Кепілдік жарна мына банктік деректемелер бойынша аударылуы қажет:

Кепілдік жарнаны алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ,

БСН: 050 540 004 455,

ЖСК: KZ 529261501102032004;

БСК: KZKOKZKX,

Банк аталуы: «Казкоммерцбанк» АҚ;

ТТК:171; БеК:16

Қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе мына телефон бойынша алуға болады: 8(71237) 5-18-09, 5-10-63, 30-62-50


Мақаланың шыққан күні:: 05.05.2017 01:15
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.05.2017 05:19