Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автобиль жолдары бөлімі

Аты-жөні: Иғали Ерболат Айдынғалиұлы

Лауазымы: Бөлім басшысы

Қабылдау күні: әр аптаның бейсенбі күні сағат 15.00

Қызмет телефоны: 8 (71238) 2-11-35

Мекен –жайы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі, № 4

Е-mail: E.Igali@atyrau.gov.kz

 

Иғали Ерболат Айдынғалиұлы 1980 жылдың 7 маусымында Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылында дүниеге келді.

1986 жылы Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, 1997 жылы он бірінші сыныпты тәмамдаған.

1997-2000 жылдары Атырау политтехникалық колледжінің «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша білім алды.

Алғашқы еңбек жолымды Қызылқоға аудандық «Қызылқоға» газетінің редакциясында тілші болып жұмыс бастады.

2005 жылы «Ойыл ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне бас маман болып жұмысқа қабылданып, аталған мекемеде 2010 жылдың 1 қарашасына дейін бас маман қызметін атқарды.

2004-2007 жылдары жұмыс жасап жүріп «Атырау мұнай және газ» институтының сырттай бөлімін «Экономика» бакалавры мамандығы бойынша білім алды.

2010 жылдың 23 қарашасынан 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін Ойыл ауылдық округі әкімі болып қызмет жасады.

2017 жылдың 23 қаңтарынан 2018 жылдың 11 қазанына дейін Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарды.

2018 жылдың 11 қазанынан бастап 2019 жылдың 1 қазанына дейін Миялы ауылдық округі әкімі болып жұмыс атқарды.

2019 жылдың 1 қазаннан бастап Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының қызметін атқарып келеді.

Отбасылы, 4 қыз, 1 ұлы бар.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі және «Мұражай» бастауыш партия ұйымының төрағасы.


Мақаланың шыққан күні: 17.06.2016 15:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.05.2020 20:20

Қаралым саны: 1797