Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ

Отдел занятости, социальных программ и отдел регистрации актов гражданского состоянияАты-жөні: Салықов Болат Еділұлы

Лауазымы: Бөлім басшысы

Қабылдау күні: әр аптаның жұма күні сағат 16.00

Қызмет телефоны: 8 (71238) 2-15-43

Мекен –жайы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, М.Мамедова көшесі, № 1

Е-mail: Otdel_zanyatosti.kz@mail.ru

 

1962 жылы 14 ақпан күні-Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосында дүниеге келген. 1978-1982 жылдар аралығында Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. 1982-1984 жылдары Совет армиясы қатарында болған. 1984-1986 жылдары Қызылқоға аудандық қаржы бөлімінде ауылшаруашылығын қаржыландыру жөніндегі аға экономист, 1986-1988 жылдары Қызылқоға аудандық ішкі-істер бөлімінде жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор, 1988 жылдың тамыз айы мен қазан айы аралығында Қызылқоға аудандық қаржы бөлімінде мемлекеттік кіріс жөніндегі аға экономист,1988-1990 жылдары Қызылқоға аудандық қаржы бөлімінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1990-1991 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясында мемлекеттік аға инспектор, 1991-1999 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясында инспекция бастығының орынбасары, 1999-2001 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша салық комитетінде төрағаның орынбасары, 2001-2008 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша салық комитетінде комитет төрағасы, 2008-2010 жылдары Мақат ауданы бойынша салық басқармасында басқармаға бастығы, 2010 жылдың сәуір айымен тамыз айы аралығында Қызылқоға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бөлім меңгерушісі, 2010 жылдың тамыз айы мен қараша айы аралығында Миялы селолық округі әкімінің міндетін атқарушы, 2010 жылдың қараша айынан бастап Миялы селолық округінің әкімі лауазымын атқарған.
2012 жылдың қараша айынан бастап Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарып келеді.
Қазір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 4 бас маман жұмыс жасайды. Олар Рысқұлова Бағыт, Шыңдыбаева Бақтыгүл, Утеуғалиева Гүлмира, Тлегенова Гүлфайруз, Ғазезова Алмагүл, Макимова Салиха.
9 техникалық қызметкер және келісім шартпен 3 маман қызмет жасайды. Соңғы мезгілде бұл саланың ауқымы кеңіп халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бағытында «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі ашылып, біршама жақсы қызметтер атқарылып келеді.
Соңғы мезгілде бұл саланың ауқымы кеңіп халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бағытында, оларға шағын несие беріп өз істерін бастау үшін «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі ашылды. Орталықта 1 директор 5 маман қызмет атқарады.


Мақаланың шыққан күні: 17.06.2016 15:03

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.05.2020 21:42

Қаралым саны: 1672