Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-сі

«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-сіУзагалиев Ерлан Серикович 1987 жылы Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Білімі жоғары. 2009жылы Әл-Фарабиатындағы Қазақ Ұлттықуниверситетін заңтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбекжолын 2010 жылы Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (Қаржы полициясы) инспектор болып бастаған.

27.01.2012 – 21.05.2012 жылдары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманықызметінатқарған.

21.05.2012 – 27.08.2012 жылдарыАтырау облысы Қаржы басқармасының бас маманы қызметін атқарған.

27.08.2012 – 26.02.2013жылдарыАтырау облысы Қаржы басқармасының бас маман-заңгері қызметін атқарған.

26.02.2013 – 04.05.2014Атырау облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің ақпараттық талдау жөніндегі бас маманы қызметін атқарған.

04.05.2014 – 01.04.2015 жылдарыАтырау облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы міндетін атқарған.

02.04.2015 – 31.05.2017 жылдары Атырау облысы әкімінің аппараты бақылау және талдау бөлімі басшысы қызметін атқарған.

01.06.2017 – 14.04.2020 жылдары Атырау облысы әкімінің аппараты бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспектор қызметін атқарған.

2020 жылы 16сәуірден бастап Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

 

Қызметтік телефоны: 8(71231) 79-2-20

E-mail:e.uzagaliev@atyrau.gov.kz

Қабылдаукүндері: аптасына 1 рет, сәрсенбі күні

 

Бөлімнің құрылымы:

Бас маман: Сайпеденова Альфия Темірболатқызы

Қызметтік телефоны: 8(71231) 79-2-19

E-mail:a.saipedenova@atyrau.gov.kz

 

Бас маман: Сахибеденова Хауазира Асқарқызы

Қызметтік телефоны: 8(71231) 79-2-21

E-mailkh.sakhibedenova@atyrau.gov.kz

 

 

 


 

Бөлімнің ережесі

 

Исатай ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 10 маусымыдағы

№120 қаулысымен бекітілген

 

«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.Жалпы ережелер

1. «Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі – (бұдан әрі - Бөлім) Исатай ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделгетін шешімдер қабылдайды.

8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолдданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060300, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы , Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі 12 үй.

10.Мемлекеттік органның толық атауы - «Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Бөлімге кәсіпкерлік субьектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 14. Бөлімнің миссиясы: біріңғай мелекеттік саясатты жүргізіп, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу салаларында басшылықты жүзеге асырады.

15. Міндеттері:

1) қоғамдық–саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды біріктіру;

2) өңірде мемлекеттік басқару жергілікті органдармен мемлекеттік ішкі саясаттың Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлім құзырына жататын мәселері бойынша орындалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

3) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

4) азаматты0 хал актілерін тіркеуді жүзеге асыру;

5) заңдылықтармен өзіне жүктелген басқа да міндеттер.

16. Функциялары:

1) жұмыс күшіне қатысты сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;

2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамытубағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатыне жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;

3) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру;

4) жергілікті атқарушы органдардың білім беру мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұрату;

5) жұмыс күшінің ұтқырлығын аттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізу;

6) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіру;

7) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұрату;

8) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері барұйымдардың мониторингін жүзеге асыру

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету;

10) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін басқа да іс-шараларды жүзеге асыру;

11) азаматтық хал актілерін тіркеу;

12) туу туралы куәліктер беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру

13) мүгетектерге әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

15) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдарменарнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Бөлім құзырындағы мәселелер бойынша меншік түрінде,шаруашылық жүргізу жағдайына қарамастан өндіріс орындарынан, ұйымдар мен мекемелерден қажетті мәліметтерді, есептерді сұратуға және алуға;

2) ұйымдарда қоғамдық жұмыстар дайындау мен өткізу, жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған халықты дайындау мен қайта дайындау азаматтық хал актілерін тіркеу жөнінде ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарғаенгізуге;

3) халықты әлеуметтік қолдауға байланысты бағдарламалар, қоғамдық акциялар өткізуді ұйымдастаруға;

4) белгіленген тәртіп бойынша жұмыспен қамту мәселелері бойыншаконференциялар, семинарлар және жиналыстар өткізуге;

5) өзіндік ақпарат-анықтама бюллетеньдер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығаруға және жарнама тақталар жасақтауға;

6) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселері бойынша мемлекеттік органдарға (мекемелерге) және ұйымдарға сұраулар жолдауға;

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Бөлімге басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Исатай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттілігі;

1) Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатылады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолданады;

5) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;

6) өз құзіретіні шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырарады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімнің өзіне бекітілген мүліктіжәне қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні: 23.08.2017 00:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.04.2020 16:21

Қаралым саны: 4829