Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

«Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мақат кенті, Ағайынды Мұнайшы Телешевтер көшесі 140, тел: 8/71239/3-23-15;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2019 жыл.

1) Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлім.

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі (ары қарай білім бөлімі) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 04 ақпандағы қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ережесіне» сәйкес жүзеге асырады.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық акт бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің штатында 2 мемлекеттік қызметкер, 5 азаматтық қызметші. Бөлім қызметкерлерінің арасында мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

2019 жылдың 12 айында бөлімге 25 арыз-шағым түсті. 25 жеке тұлғадан. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес өтініштер уақытылы қаралып, түсіндірме беру арқылы жауаптары берілді.

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде 2019 жылдың 12 айында 67 бұйрық рәсімделді.

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы ұйымының қызметкерлерімен жасалған келісім шартта және функционалдық қызмет бөлінісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жауаптылық қызметкердің тікелей өз жауапкершілігіне жүктелген.

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің көрнекі жерлерінде Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы хабарламалармен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі ілінген.

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша сенім телефоны 3-23-15.

Бөлім бойынша 2019 жылы кәсіпкерілк мақсаттағы жер учаскелерін табыстау бойынша 2 аукцион, шаруа қожалығын жүргізу үшін 1 конкурс өткізілді.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:45

Қаралым саны: 149