Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі 1 үйде орналасқан. Тел: 8(71239) 3-02-77;

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің штат саны –2 (1 басшы, 1 бас маман) адам, азаматтық қызметшілер саны – 3 (1 есепші, 1 әдіскер, 1 іс жүргізуші) адам.

2019 жылдың 3 шілдеден бастап Сарбасов Жандарбек Абдрахимович аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы.

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 07 сәуірдегі №62 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

2016 жылдың 11 ақпанында №25 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің Мақат аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Мақат аудандық жастар ресурстық орталығында штат саны – 6 (1 басшы, 1маман, 1 заңгер, 1 есепші, 1 инспектор, 1 жүргізуші) адам.

2019 жылдың екінші жартыжылдығына 2 өтініш түскен .

2019 жылдың екінші жартыжылдығына барлығы – 1 өкім қабылданған.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-02-77 нөмірі бекітілген.

Аудандық ішкі саясат бөлімі Облыс әкімі аппараты, облыстық Ішкі саясат басқармасы, облыстық Жастар саясаты басқармасы, облыстық Дін істері басқармасы, облыс әкімі жанындағы Әйелдері істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыстарының ауданда орындалуын қамтамасыз етеді.

Бөлімде аудан әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жөніндегі комиссия, аудан әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес, аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі комиссия, аудан әкімі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі Кеңес барлығы 2 кеңес, 2 комиссия жұмыс жасайды.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен 2019 жылдың 22 шілде күні орталық кітапханада заңгерлердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты түсінік жұмысы жүргізілді.

2019 жылғы 27 тамызда аудандық кітапханада жастар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жастар өз ойын ортаға салды.

2019 жылы 11 қазан күні аудан жастары халыққа «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - баянды болашақтың кепілі» атты жадынама таратып, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттері мен халық арасында сауалнама жүргізіп, сұрақтар қойды.

9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай мекеме қызметкерлері арасында "Білім ринг" интеллектуалды сайысы өткізілді.

Өткен жылдың екінші жарты жылдығы бойынша «Мақат тынысы» газетіне 33 мақала жарияланды.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:45

Қаралым саны: 165