Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әрі қарай -Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы №191 қаулысымен бекітілген, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Бөлімнің штат саны 4, азаматтық қызметшілер 8. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Аудан бойынша кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарымен 4 кездесу өтіп, мемлекеттік бағдарламалар бойынша көрсетілетін жеңілдіктер мен ұйымдастыру заңдылықтар жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы 18 кәсіпкер 117 млн. 100 мың теңге несие алды.

2019 жылдың 2-ші жартыжылдығында 50 бұйрық қабылданған.

Техникалық инспекция саласы бойынша машиналарды жүргізу құқығына 12 куәлік берілді, жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын және мемлекеттік нөмерлік белгі беру 10 дана, берілген техникалық паспорт саны 10, мемлекеттік техникалық байқаудан өткен техника саны 16 дана.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша аудандық «Мақат тынысы» газетіне 5 мақала берілді.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу мақсатында жыл басынан бері 3 кәсіпкерден арыз келіп түсіп, аудан әкімінің қолдау хатымен 3 кәсіпкерлердің ұсынысы облыстық әкімдікке жолданды.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

«Адалдық алаңы» жобасының жалғанған жадынамаларын мекеме ғимаратында орналастырылды.

Сыбайлас жемқорлық бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметіне байланысты «Парақорлық абырой әпермейді» атты 1 мақала 25 шілде №30 санды нөмерінде жарияланды. Сыни материалдар орын алған жоқ.

Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-02-99 бекітілген.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:45

Қаралым саны: 148