Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Сүйіндік ауылы, Ардагер көшесі 7 «а» , тел: 8(71259) 51-3-52

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Сүйіндік ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7, 8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Сүйіндік ауылдық округі әкімінің аппараты қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 547 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімінің өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 7 бірлікті құрайды, онын нақты саны -7 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 7 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

 

Округ әкімі аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

Округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Округ әкімі аппаратына қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Округ әкімінің шыққан шешімдері – 13, өкімдері – 58, оның ішінде жұмысқа алу, іссапарға жіберу жұмыстан босату, қоса атқару туралы, лауазымдық нұсқаулықты бекіту, тәртіптік жаза беру, қол қою құқығын беру, еңбек демалысын беру, еңбек демалысынан шақырту, тәртіптік жазаны алып тастау, тәлімгер бекіту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін

қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес округ әкімі аппаратында «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2017 жылдың 29 маусымындағы жағдай бойынша жалпы саны – 23 мемлекеттік қызмет уақытында көрсетілді.

Округ әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 2017 жылдың 29 маусым жағдайы бойынша 6 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 2-әлеуметтік көмекке , 1-кәсіпқой емес медиатор болуға, 3-жер мәселесі туралы өтініштер толықтай қанағаттандырылды. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 5-12-86 сенім телефоны орнатылған.

Прокурорлық қадағалау актілері мен сот актілері, мемлекеттік органдардан тексерулер жүргізілген жоқ.

Округ әкімі аппараты басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Округ әкімі аппаратына ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 


Мақаланың шыққан күні:: 03.11.2017 08:49
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.11.2017 08:49