Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Қиғаш ауылдық округі әкімінің аппараты Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 қарашадағы №529 қаулысымен бекітілген ««Қиғаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне» сәйкес қызмет атқарады. Аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес округтің штаттық саны – 4 бірлікті құрайды, оның нақты саны - 4 бірлік.. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Қиғаш ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы;

-«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығы;

Округ әкім аппараты қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Округ әкімі аппаратына қатысы сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес округ әкімі аппаратында төмендегіше мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы» анықтама беру

2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша округте мемлекеттік қызметтер көрсетілген жоқ.

Округке жеке тұлғалардан 2018 жылдың бойынша 4 өтініш келіп түсіп, 2 түсіндірілді, 1 қанағаттандырылды, 1 қаралуда. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 3-62-07 сенім телефоны орнатылған. Округ әкімі аппаратының ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Міндетіміз ортақ – жемқорлықсыз болашақ», «Біздің құндылықтар – білім беру ісіндегі адалдық пен академиялық шыншылдық», «Парасыз қоғам – Ұлт болашағы», «Еліміздің өркендеуі адал және сатылмайтын азаматтардың қолында», «Адалдықпен сатылмайтындық Атамекенге деген сүйіспеншіліктің белгісі» атты жадынамалар ілінді.

Округте басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Округте ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 05:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 05:30

Қаралым саны: 826