Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
«ЕҢБЕКШІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМ АППАРАТЫ» ММ

Еңбекші ауылдық округі әкім аппараты мемлекеттік мекемесі,
Жұмекен ауылы, Өмірбаев көшесі-1А, 87123331644

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

 

Еңбекші ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Округте штаттық саны 7 бірлікті құрайды. Жыл сайынғы еңбек демалысына 6 ай ішінде 2 адам еңбек демалысына жіберілді.

Еңбекші ауылдық округі өз қызметін атқаруда

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»заңы;

-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221- ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»заңы және т.б нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1.«Жеке қосалқышаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;

2. «Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру»;

Еңбекші ауылдық округі әкімі аппараты жеке тұлғалардан 2017 жылдың 6 ай ішінде 128 өтініш келіп түскен. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 80 шешім, 69 өкім қабылданды. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық факторын туғызатын құқық бұзушылық анықталған жоқ.

Еңбекші ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акциялар «Мақсат-жемқорлықты жеңу», «Жастар жемқорлыққа қарсы», «Жолдағы қоғамдық қабылдау», «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты қоғамдық тыңдаулар, акциялар өткізу үшін ауылдық округ әкімі жоспар жасақтап жұмыстар жасалуда.

Мемлекеттік орган қызметкерлерінің, білім беру жүйесінің педогогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында , Еңбекші орта мектебінде, «Ақтолқын» балабақшасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың ұғымын, сыбайлас жемқорлық көріністері фактілерімен тап келген кезде азаматтардың іс-әрекеттер тәртібін, сонымен қатар мұндай фактілерге дем бергені үшін жауапкершілігін түсіндіретін жаднама жасақталып, таратылды.

Ауылдық округ әкім аппараты дәлізінде сыбайлас жемқорлық көріністері, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орындалысы жөнінде болған келеңсіз жағдайларды хабарлау үшін сенім телефоны (3-15-99) орнатылған. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін салатын жәшік орнатылып, оны округ әкімінің өкімімен бекітілген комиисия мүшелері күнбе-күн қарап , қортындысы жөнінде акт жасап отырады.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында ауылдық округ бойынша комиссия құрылып жұмыс жасауда.

Салық комитетіне жыл сайын табыстайтын мүлкі мен, табысы жөнінде декларацияны, округтегі мемлекеттік қызметкерлер уақытынан кеш қалмай табыстаған.

Орталықтағы Қ.Қаусов көшесінің бойында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында билборд ілінген.

Еңбекші ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын – алуға 2017 жылға арналған іс – шаралардың медиа – жоспары жасақталып, іс-шараға сәйкес жұмыстар жасалынуда.

 Еңбекші ауылдық округ әкімі : Х.А.Габбасов


Мақаланың шыққан күні: 06.11.2017 06:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.11.2017 17:16

Қаралым саны: 1113