Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, orly_okrug@mail.ru, Орлы ауылы, Н.Манаев көшесі 14 үй, 8(712)33 3-54-11, факс 3-55-96 Бақыланатын кезең: 2017 жылдың ІІ жартыжылдығы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу

туралы ақпарат

Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде округ әкімінің 2018 жылғы 3 қаңтардағы №1 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі шығарылды. Аталған өкім негізінде округ әкімінің аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу округ әкімінің кеңесшісі А.Кибатуллинге жүктелді.

Талдауда өкімде белгіленген аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

І. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша

Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 қарашадағы №542 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес қызмет атқарады. Аудан әкімдігінің 17.01.2017 жылғы №21 қаулысына бойынша округ әкімі аппаратының штатық саны – 6 бірлікті құрайды, онын нақты саны - 4 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 6 адам жіберілген. Округ әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №31 өкімімен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары қайта бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Ағымдағы жылдың 1, 2 тоқсанында мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны уақтылы тапсыру бойынша түсіндірмелі жұмыс ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылған. Барлық қызметкерлер белгіленген мерзімде декларация тапсырған. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

ІІ.Нормативтік құқықтық актілер бойынша

2017 жылы есепті мерзім ішінде 156 өкім шығарылып, 117 шешім алынған. Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына мерзімінде талдау жүргізілуде. Прокуратура органдары мен Әділет департаменті тарапынан аталған мәселе бойынша қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Түрлі нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасындағы қайшылықтар коллизиялар мен олқылықтар нормаларының қайталануы анықталмаған. Сонымен қатар, талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

ІІІ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысында көрсетілген 2 мемлекеттік қызмет «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы №308

қаулысы мен «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;

2) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

2017 жылдың 29 желтоқсаны жағдай бойынша жалпы саны – 73 мемлекеттік қызметттер көрсетілген, оның ішінде уақытынан кешіктіріліп орындалған қызметтер мүлдем жоқ.

ІV. Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау Функциялары жоқ

VІ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Округ әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 2017 жылдың 29 желтоқсан жағдайы бойынша 174 өтініш келіп түскен. Жеке тұлғадан 173, заңды тұлғадан 1 өтініш. Оның ішінде қаралғаны 174, қанағаттандырылғаны 143, жазбаша түсіндірілгені 31. Мерзімі ұзартылып қаралған өтініш саны 14. Округте жер учаскесіне кезекте тұрған азаматтар саны 101. 2017 жылы ХҚКО-ғы арқылы жер мәселесімен 9 өтініш түскен, барлығы да уақтылы аудандық бөлімдерге жіберіліп заңдылыққа сай мерзімінде қаралған.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, апта сайын комиссия мүшелерімен қаралып, акт толтырылған. Күні бүгін сенім жәшігіне түскен арыз-шағымдар жоқ. Округ әкімі аппаратында 3-55-96 сенім телефоны жұмыс жасауда.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптардың толықтығы, объективтілігі, негіздемесі қорытындылап, қарастырылды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталған. Есептілік мерзімінде құжаттарды орындау мерзімін бұзуға жол берілмеген. Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары басшылыққа алынып, жоспарға сай тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұжымның теріс қатынасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша қажетті шаралар қабылданған. Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады» атты жадынама мекемелердің кеңсе ғимараттарына, «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау», «Сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған тұлғаларға 100 АЕК дейін ақшалай қаражат төленеді», «Біздің құныдылықтар – білім беру ісіндегі адалдық пен академиялық шыншылдық» және «Міндетіміз ортақ – жемқорлықсыз болашақ» атты билбордтар Орлы ауылының ішіне ілінген. Сонымен қатар, 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай округ бойынша арнайы жоспар жасақталып, келесідей шаралар өткізілген. Жастар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет, шығарма байқауы, «Жемқорлықпен күрес – жалпы халықтық іс» атты кітап көрмесі және округке қарасты мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, оқушылардың қатысуымен кең көлемде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамызға ортақ іс» атты қорытынды шара өткізілген.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде Орлы ауылдық округі әкімінің аппаратында 2017 жылдың ІІ жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

Орлы ауылдық округінің әкімі А.Мұфтах


Мақаланың шыққан күні: 10.01.2018 23:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2018 23:27

Қаралым саны: 1241