Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
09.08.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты» Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Талдауда аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

І. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша

Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы №9 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес қызмет атқарады. Аудан әкімдігінің 16.04.2018 жылғы №116 қаулысы бойынша округ әкімі аппаратының штатық саны – 6 бірлікті құрайды, онын қазіргі нақты саны - 6 бірлік. Құрманғазы аудандық конкурстық комиссия отырысының 26.01.2018 жылғы №3 хаттамасына сәйкес, 2018 жылдың сәуір айынан бастап негізгі қызметкерлер жүктілікте және босану демалысында болуына байланысты бас маман және жетекші маман лауазымы қызметтерін уақытша атқару үшін 2 мемлекеттік қызметші жұмысқа қабылданған. Алайда уақытша қабылданған 1 мемлекеттік қызметші негізгі қызметкер жұмысқа шығуына орай, 14.06.2018 жылы жұмыстан босатылған. Есепті мерзім ішінде жыл сайынғы еңбек демалысына – 3 адам жіберілген. Округ әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №31 өкімімен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ. Өз қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін 1 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шара қолданылған.

Ағымдағы жылдың 1, 2 тоқсанында мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны уақтылы тапсыру бойынша түсіндірмелі жұмыс ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылған. Барлық қызметкерлер белгіленген мерзімде декларация тапсырған. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

ІІ.Нормативтік құқықтық актілер бойынша

2018 жылдың есепті мерзім ішінде 62 өкім шығарылып, 47 шешім алынған. Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына мерзімінде талдау жүргізілуде. Прокуратура органдарынан аталған мәселе бойынша қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Сонымен қатар, талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

 

ІІІ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысында көрсетілген 2 мемлекеттік қызмет «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы №308 қаулысы мен «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;

2) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

2018 жылдың 19 маусым жағдай бойынша жалпы саны – 25 мемлекеттік қызметттер көрсетілген, оның ішінде уақытынан кешіктіріліп орындалған қызметтер мүлдем жоқ.

ІV. Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау Функциялары жоқ

VІ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Округ әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 25.06.2018 жылғы жағдайы бойынша 51 өтініш келіп түскен. Жеке тұлғадан 51, заңды тұлғалардан өтініш түспеген. Оның ішінде қаралғаны 51, қанағаттандырылғаны 34, жазбаша түсіндірілгені 17. Мерзімі ұзартылып қаралған өтініштер жоқ. Округте жер учаскесіне кезекте тұрған азаматтар саны 113. 2018 жылы ХҚКО-ғы арқылы жер мәселесімен 1 өтініш түскен, ол өтініш уақтылы аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне жіберіліп заңдылыққа сай мерзімінде қаралған.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, апта сайын комиссия мүшелерімен қаралып, акт толтырылған. Күні бүгін сенім жәшігіне түскен арыз-шағымдар жоқ. Округ әкімі аппаратында 3-55-96 сенім телефоны жұмыс жасауда.

Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде Орлы ауылдық округі әкімінің аппаратында 2018 жылдың І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.


Мақаланың шыққан күні: 29.06.2018 01:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2018 01:42

Қаралым саны: 1082