Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.08.2020

Қызметтер

ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ КӨРСЕТЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ

Салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға ынталандыру, сонымен қатар, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру мақсатында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі спортшыларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Атап айтқанда, 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, бірінші, екінші, үшінші жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттары беріледі. Ол үшін жетістікке жетіп жүрген спортшылар тиісті құжаттарын жинақтап, халыққа қызмет көрсету орталығына немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы тапсырса болды. Егер барлық қағаздары мен құжаттары талапқа сай болса, тиісті біліктілік санаттары берілетін болады.

Қосымша ақпараттар алу үшін қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 8(7122) 25-29-95 телефонына хабарласуға болады.


Мақаланың шыққан күні: 26.06.2020 18:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2020 18:39

Қаралым саны: 122