Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы шеңберінде (2015-2019 жж.) құны 3,1 трлн. теңге құрайтын, 3635 жұмыс орнын ашатын 31 жобаны іске асыру жоспарланған.

Оның ішінде Индустрияландыру картасы бойынша (республикалық деңгейде) құны 3,07 трлн. теңгеге 2057 жұмыс орнымен 3 жоба:

- «KPI» ЖШС-ның газ-химиялық кешен құрылысы (1-кезең полипропилен өндірісі);

- «KLPE» ЖШС-ның газ-химиялық кешен құрылысы (2-кезең полиэтилен өндірісі)

- Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен қайта құру.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде (өңірлік деңгейде) құны 74,2 млрд. теңге құрайтын 1578 жұмыс орнын ашумен 28 жоба жүзеге асырылуда.

2015-2017 жылдары құны 30,8 млрд. теңге құрайтын 1132 жұмыс орнын ашумен 18 жоба іске асырылды.

- сүт өңдеу және қышқыл-сүт өнімдерінің өндірісі кешенінің қуатын кеңейту «СП Первомайский» ЖШС;

- оптикалық кабель шығаратын зауыт «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС;

- полимерлік өнімдердің өндірісі «Полимер Продакшн» ЖШС;

- бөдене жұмыртқасын және етін шығаратын бөдене фермасы «Атырау Бөдене» ЖШС;

- көкөністерді өңдеу және консервілеу өндірісі «Атырау Агро Феликс» ЖШС;

- жүн өнімдерінің өндірісі «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС;

- ет өңдеу және ет өнімдерінің өндірісі «Асыл Агро» ШҚ.

- Тығыздағыш төсемдер өндірісі «Казахстан Интегрейтед Сервисез» ЖШС;

- Кабельдік науа және электр қалқан шығаратын зауыт «Centech» ЖШС;

- Электртехникалық жабдықтардың өндірісін ұйымдастыру «KAZELEKTRYM (КАЗЭЛЕКТРУМ) Өндірістік кешен» ЖШС;

- Оптикалық кабель шығаратын зауыттың қуаттылығын кеңейту «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС;

- «Дәулет Нан» нан өнімдерінің зауыты «Транс Тех Интернешнл» ЖШС;

- Бұрандалы (болт) қосылыстардың өндірісі «Studbolt Manufacturing» ЖШС.

- роботтық дәнекерлеу әдісін қолданумен металлқұрылымдар шығару өндірісін құру «Жігермұнайсервис» ЖШС;

- макарон өнімдерінің өндірісі «Карат» ЖШС;

- балық шаруашылығының өндірісін құру «Луговской конный завод» ЖШС;

- дәнекерлеу жабдықтарының өндірісін кеңейту «FinWeldAzia» ЖШС;

- мультиөндірістік кешенінің құрылысы «Теплый дом Атырау» ЖШС.

2018 жылы 127 жұмыс орнын құрумен құны 6,7 млрд. теңге құрайтын 5 жоба іске асырылды:

- диірмен құрылысы «Карат» ЖШС;

- тауарлы бетонды өндіруді ұйымдастыру «New Ascent» ЖШС;

- бір рет пайдаланатын, қағаз стакандарын өндіруін ұйымдастыру «АНТА» ЖШС;

- полиэтилен пакеттерін өндіру «Plasticcom» ЖШС;

- темірбетон бұйымдарын өндіру «Атырау бетон 24» ЖШС.

2019 жылы 144 жұмыс орнын құрумен құны 7,9 млрд. теңге құрайтын 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр:

- ыстық мырыштау әдісімен коррозияға қарсы қорғағыш қаптамаларымен қаптау өндірісін ұйымдастыру «Атыраунефтемаш» ЖШС;

- пластикалық қалдықтарды өңдеу зауытының құрылысы «Эко Пластик» ЖШС;

- ет бағытындағы құс фабрикасы «MEKEN CHICKEN» ЖШС;

2020 жылы 90 жұмыс орнын құрумен құны 7,4 млрд. теңге құрайтын 1 жобаны іске асыру жоспарланып отыр:

- фармацевтикалық зауыт құрылысы «Lumpan Caspian Pharmaceuticals LLP» ЖШС;

Және де құны 21,4 млрд.теңгені құрайтын, 85 жұмыс орнымен «Казхимпродакшн» ЖШС-нің Циклогексан өндіру зауытының құрылысы жобасы. Жобаның іске қосылу мерзімі 2021 жыл.


Мақаланың шыққан күні: 18.01.2019 15:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.01.2019 15:47

Қаралым саны: 806