Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.09.2020

Қызметтер

Аймақ туралы жалпы ақпарат, соның ішінде экономикалық көрсеткіштері

Атырау облыстың экономикасы алға қарай әртараптандыру үшін әлеуеті бар мейлінше үйлесімді дамыған өңірлердің бірі болып табылады. Кедендік одақ аясында, сондай-ақ Ресейдің ірі өнеркәсіптік өңірлеріне (Самара, Саратов, Орынбор, Астрахан) жақын орналасуы есебімен одан әрі дамытудың зор мүмкіндіктері бар. 

Мұнайхимия, машинажасау, тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясы дамыған.

Облыс және қаланың экспорттық ірі өнеркәсіп кәсіпорындары:

«АМӨЗ» ЖШС;

«Эмбімұнайгаз» АҚ;

Аджип ККО;

«Теңізшевройл» ЖШС;

«Атырау Нефтемаш» ЖШС;

«Рауан налко» ЖШС;

«Шеврон МұнайГаз Инк».

         2012 жылғы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі – 3105 млрд. теңгені  құрап, еліміздің ЖӨӨ-нің барлық үлесінің 10,3%-ын құрайды.  Бір адамға шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші бойынша облыс 1 орында.
Қазіргі таңда өңірде, еліміздің 24,9% өндірістік өнімдері және 46,7% мұнай мен 35,7% газ өндіріледі. Негізгі капиталға салынған инвистициялар үлесі -18,9%.
Өңірлердің 2012 жылғы даму деңгейі рейтингісінің қорытындысы бойынша облыс 1 орынға ие болды.

Шағын және орта бизнесті қолдау мемлекетіміздің басты тапсырмаларының бірі болып табылады.

Қазақстан халқына жолдауында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда, Атырау облысының әкімдігі шағын және орта бизнесті қолдауда жан-жақты бағыттарда жұмыстар жүргізүлуде.

Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінде жоғарылаулар байқалып отыр, аталған салада жұмыспен қамтылғандардың саны 11,6%-ға көбейіп отыр (119,3 мың адам), шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтердің көлемі 523,3 млрд.теңгені құрады, 21,2%-ға жоғары. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 46,6 мың бірлікті құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің даму жолының бірі болып «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда, яғни кәсіпкерлік саласының даму қарқынының механизмі болып отыр.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы нысаналы трансферттер бойынша 1 402,0 млн.теңге бөлінді, оның ішінде: субсидиялауға – 959,0 млн.теңге, ішінара кепілдендіруге – 86,0 млн.теңге, мемлекеттік грант ұсыну бойынша – 10,0 млн.теңге, айналым қаражаттарын толықтыруды субсидиялауға – 347,0 млн.теңге.

2015 жылы несие сомасы 4 448,7 млн.теңгеге 70 жоба субсидияланды (2014 жылы – 56 жоба), кепілдендіру сомасы 491,3 млн.теңгеге 48 жоба кепілдендірілді (2014 жылы - 30 жоба) және жалпы сомасы 10,0 млн.теңгеге 5 кәсіпкердің жобасына қайтарымсыз грант ұсынылды (2014 жылы – 3 жоба.)

Бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде 2015 жылы 655 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Сонымен қатар, Бағдарлама шеңберінде қаржылық емес қолдау құралы да ескерілген, яғни «Даму» КДҚ» АҚ аймақтық филиалы және Атырау облысының Кәсіпкерлік палатасымен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін «Бизнес Кеңесші», «Іскерлік байланыстыр» және «Топ менеджмент» құралдары бойынша оқулар, бизнес-тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады.

Оның ішінде 2015 жылы сервистік қолдау бойынша 1 251 шағын және орта бизнес субъектілеріне 2 438 сервистік қызмет көрсетілді.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша биылға 500 кәсіпкерлерді оқыту жоспарланса, қазір 640 курстан өтті, топ-менеджменті оқыту бойынша 15 кәсіпорын басшылары оқытылды.

«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша Қазақстандағы бизнес-тренингтерден 21 кәсіпкер бизнес-тренингтен өтті және 3 кәсіпкер Германия-да курстан өтті.

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 2015 жылға несиенің пайыздық ставкасын субсидиялауға 2015 жылға 39,5 млн.теңге бөлініп, жалпы сомасы 8,3 млн.теңгеге 1 жоба субсидияланды. Қалған қаражат алдыңғы жылдың міндеттемелерін жабуға жұмсалды.

Ішінара кепілдендіруге 8,7 млн.теңге бөлініп, кепілдендіру сомасы 40,5 млн.теңге болатын 3 кәсіпкердің жобасы кепілдендірілді.

Мемлекеттік қайтарымсыз грант ұсыну бойынша ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 16 млн.теңге бөлініп, 7 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды.

Одан басқа, моноқаладағы кәсіпкерлердің жобаларын шағын несиелеуге республикалық бюджеттен 2015 жылғы қараша айында 147,0 млн.теңге бөлініп, 41 жаңа жұмыс орынын құрумен шағын кәсіпкерліктің 35 субъектісіне шағын несие берілді.

Сонымен қатар, Ұлттық қор есебінен «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1-ші, 2-ші, 3-ші транштар бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы жалпы сомасы 7,6 млрд. теңге болатын 38 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. Бұл Бағдарлама бойынша облыста 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Ауылдық бизнестің арзан несиеге қол жеткізуін қамту мақсатында, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жылдық мөлшерлемесі 7%-бен ауыл кәсіпкерлеріне қайтарымды несие беру үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражат бөлініп тұрады. Соңғы үш жылда 657 млн.теңге бөлінді, бұл ауылдық жерде 147 бизнес нысанының құрылуына және 352 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді


Мақаланың шыққан күні: 11.04.2018 05:54

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.07.2018 16:51

Қаралым саны: 1991