Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы №986 Жарлығымен бекітілген ҚР 2015-2025ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін» құбылыс ретінде бағаланған.

Осы уақытқа дейін біз сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет деп келсек, ендігі уақытта басты идеологиялық құжатымыз Стратегияда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп айтамыз. Демек, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасады.

Тіпті еліміздің жаңа Заңының атауы да бұрынғыша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес емес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» деп өзгертілді. Осы заңды жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде жаңа ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Яғни, идеологиялық жағынан да, нормативтік-құқықтық жағынан да елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясатты жүзеге асыруға толыққанды жағдай жасалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында тығыз ынтымақтастықты орнату қажет. Осы бағытта Агенттікпен cтратегияда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді назарға ала отырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды түп-тамырымен жоюға бағытталған жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның аса маңызды рөлін, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде қызметінің түрі мен нысанына, әлеуметтік жауапкершілігіне қарамастан кеммерциялық емес ұйымдар, заңды тұлғалар, саяси партиялар өкілдерімен, сондай-ақ азаматтармен қабылдау қажеттігін мойындай отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы Ашық келісім жасақталды.

Келісімнің мақсаттары мен міндеттері:

1.Осы Келісімнің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

2.Келісімнің негізгі міндеттері:

1)сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға коммерциялық емес ұйымдарды, заңды тұлғаларды, саяси партияларды, сондай-ақ азаматтарды тарту;

2) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға негіз болатын себептер мен жағдайларды жою және болдырмау мәселесіне коммерциялық емес ұйымдардың, саяси партиялардың, сондай-ақ азаматтардың күштерін шоғырландыру;

3) азаматтардың құқығының және заңды мүддесінің қорғалуын қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді азайту.

 

Келісімнің мәні:

1.Аталған келісімнің мәні қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесі бойынша Тараптардың ынтымақтастығы болып табылады.

 

Ынтымақтастықтың бағыттары:

1.Осы Келісімнің мақсаттарын, міндеттерін және мәнін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту бойынша ынтымақтастықтың келесі мақсатты топтары белгіленді:

1)жастар және жастар ұйымдары;

2)әйелдер және әйелдердің қоғамдық бірлестіктері;

3)бұқаралық ақпарат құралдары және журналистер;

4)коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде құқық қорғау және кәсіподақ ұйымдары, заңды тұлғалар, саяси партиялар, сондай-ақ азаматтар;

5)мәдениет қайраткерлері, кинематографиялық ұйымдар және кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтауға, дамытуға, таратуға, пайдалануға және оларға азаматтарды тартуға байланысты басқа да ұйымдар;

6)этномәдени және діни ұйымдар;

7)білім беру және ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ,білім және ғылым саласындағы қоғамдық бірлістіктердің өкілдері;

8)кәсіпкерлік субъектілері және олардың ассоциациялары (одақтар).

1. Ынтымақтастықтың мақсаты –

-салалық заңнаманың және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ережелерін, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын БАҚ-та кеңінен жариялау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

- еңбек ұжымдарында, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, әскери қызметшілердің, құқық қорғау және басқа орган қызметкерлерініңарасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

– мәдениет, әдебиет және өнер туындылары негізінде, мәдени құндылықтарды енгізе отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

- Қазақстан халықтарының мәдениетіне сыбайлас жемқорлықтың жат құбылыс екеніне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, діннің жемқорлықты қабылдамайтындығын жариялау;

-білім беру мекемелерінде, сондай-ақ ғылыми зерттеу мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу қызметін жандандыру;

-қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік басқарудың, бизнестің ашықтығын арттыру, бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әкімшілік кедергілерді азайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру;

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы мақсат міндеттерге қосылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты қолдайық!!!

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

 


Мақаланың шыққан күні: 24.12.2017 23:04

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.12.2017 23:04

Қаралым саны: 1558