Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру - заман талабы

Сыбайлас жемқорлық — ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамның ең басты қауіп-қатерінің бірі. Осы орайда, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» аясында атқаратын міндеттердің ішінде, экономикамыздың дамуы үшін маңызды бағыттардың бірі — шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

Бұл бағытта, бөлім арқылы шағын және орта кәсіпкерлерге әр уақытта да қажет болатын аса маңызды ақпараттық ресурстардың жеткілікті болуын қамтамасыз етіп, басқа да кеңесшілік қолдау көмек жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл ретте кәсіпкерлерге қаржыландыру үшін бизнес жобаларды дайындауда үнемі ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетіліп отырылады. Шағын және орта кәсіпкерлер жәрмеңкелер, көрмелер, несиелендіру шарттары және т.б. мәліметтер туралы ақпараттандырылады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «КазАгроҚаржы» АҚ, «Атырау» ӘКК» АҚ және «Бизнестің жол картасы 2020» және т.б. бағдарламалары бойынша шағын және орта кәсіпкерлерді қажетті несиелеу және асыл тұқымды мал шаруашылығы мен инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуді субсидиялау жолдары туралы ақпаратпен қамтамасыз етілуде.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу жөнінде Қызылқоға ауданы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес жұмыс жасайды. Бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау және туындаған кәсіпкерлік мәселелері облыстық тиісті басқармаларға және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсыныс ретінде жолданып, қазіргі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 12 сәуірінде шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жөніндегі семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес барысында шағын және орта кәсіпкерлермен әңгімелесу ретінде өткізіліп, яғни, еркін форматта мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін, сондай-ақ халық пен бизнес арасындағы бірқатар мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

Бұл шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау және басқа да мемлекеттік қолдауды онлайн режимінде qoldau.kz порталы арқылы пайдалану туралы кеңестер берілді.

Мұның өзі қоғамымызда сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың немесе жолын кесудің, алдын алудың бірден бір алғы шарты деп айтуға болады.

 

З. САРБУФЕЕВА, Қызылқоға аудандық

кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы


Мақаланың шыққан күні: 12.06.2019 11:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.06.2019 11:50

Қаралым саны: 510