Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-заман талабы»

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Елбасының жыл сайынғы әр Жолдауындада бұл мәселеге ерекше тоқталады. «100 нақты қадам» -Ұлт жоспары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес реформалары жүргізілуде. Ұлт жоспарының 13-қадамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі көтерілген. Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-шаралар жоспары жасақталып, жұмыстар ұйымдастырылуда. Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Жангелдин мәдениет үйінде «Қоғамдық бақылау картасы» жобасының жергілікті деңгейде маңыздылығын жариялау және тиісті дәрежеде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ауыл тұрғындарына семинар ұйымдастырылды.

Жангелдин ауылдық кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің он имиджін қалыптастыру мақсатында «Жемқорлық қылмыс» тақырыбында тұрақты кітап көрмесі жасақталса, Д.Асанғалиев көшесіне «Атырау-адалдық алаңы» тақырыбында ақпараттық баннер орналастырылды. Аталған тақырыптағы баспа материалын округтегі барлық мемлекеттік органдарда, денсаулық сақтау ұйымдары мен адамдар көп шоғырланатын жерлерге ілініп, тұрғындарға таратылды. Округ әкімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-заман талабы» тақырыбындағы авторлық мақаласы Қызылқоға газетіне берілді. Округ әкімі аппаратында азаматтардың ұсыныс-пікірлер салуға арналған жәшік қолжетімді жерде ілінулі. Сенім (2-60-30) телефоны жұмыс жасайды.

 

А.С.Оразов,Жангелдин ауылдық округінің әкімі


Мақаланың шыққан күні: 06.08.2019 14:35

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.08.2019 14:35

Қаралым саны: 640