Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру өмір талабы

Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі барлық әлемді алаңдатып отырған аса өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қазіргі таңда саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдерге ортақ.

Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе сарапшының жалған қорытындысы, сот актісінің орындалмауы т.с.с. Осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Алайда, Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында заңнамалық тұрғыда нормативтік-құқықтық база қалыптасқан. Көптеген зерттеушілер осы саладағы заңнама нормаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларына жоғары баға бергенімен, оларды шынайы өмірде жүзеге асыру кезінде кейбір нормалардың қажетті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға қауқарсыз екендігі байқалады.

Сол себепті, осы мәселеге мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев тарапынан жыл сайын Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында көп көңіл бөлінеді.

Бүгінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде.

Біздің ауданда да осындай жағдай қалыптаса бастады. Ағымдағы жылдың 3 сәуір күні №61 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Қызылқоға ауданы бойынша арнайы мониторингтік топ құру туралы» қаулысы шықты. Осы қаулымен ауданда құрамы 15 адамнан тұратын арнайы мониторингтік топ құрылды. Оның құрамында мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау, ақпарат құралдары өкілдері, жастар ұйымдары өкілдері мен ардагерлер қоғамдарының өкілдері енгізілді.

Мониторингтік топтың негізгі мақсаты халық пен билік арасындағы байланысты жетілдіру, топқа түскен ұсыныстар мен сауалдарға сәйкес сырттай бағалау мен зерделеуді ұйымдастыру, оны жариялау тиісті органдардың назарына беру. Істің мән жайын зерделеп ұсыныстарға жауап беруді ұйымдастыру. Жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің іс-қимылын зерделеу, талдау және бағалау. Бір сөзбен түсінікті қылып айтқанда қоғамды жегідей жейтін сыбайластыққа қарсы күреске елді жұмылдыру, халық болып күресті ұйымдастыру.

Қазір елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылуда, оның негізі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдары болып табылады. Осы бағытта бірқатар бағдарламалық құжаттар жүзеге асырылуда,

мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында міндеттерді іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылған, осы заңдар аясында және ережеге сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдірейік. Бұл іс бүкіл ел болып қолдау тапқанда жүзеге асады. Осылардың аясында аудан халқы болып ынтымақтастықпен сыбайластыққа тосқауыл қою қажет.

 

Қ.Хасанов,

Арнайы мониторинг топ төрағасы


Мақаланың шыққан күні: 17.05.2018 02:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.05.2018 02:32

Қаралым саны: 1084