Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Елімізде 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бекітілсе, оның мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін барлық қоғамды тарту. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында мемлекеттік органның оң, ашық бейнесін құруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.

Бөлімде азаматтарға қол жетімді жерлерде Атырау облысы әкімдігінің және Қызылқоға ауданы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің мәліметтері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы жадынама, бөлім басшысының қабылдау кестесі, бөлім арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар және Әдеп Кодексінің мәтіні ілінген.

Жыл басынан бері ауданның 3 ауылдық округінде "Мемлекеттік қызмет" жәрмеңкесі өткізіліп, онда кәсіпкерлікті ашу, жүргізу, қаржылық және қаржылық емес қолдаулар, бөлім арқылы көрсетілетін 4 мемлекеттік қызмет туралы түсінік жұмыстары жүргізілсе, "Жаңа Арна" ЖШС-де техникалық инспекция саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы семинар өтті.

Осы жылдың 27 ақпан күні "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Атырау филиалының өкілдерінің қатысуымен барлық ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері мен кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтардың арасында семинар өткізілді.

Ауданның шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерін мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі мемлекеттік қолдау бойынша жыл басынан бөлімнің қабылдауында 45 адам (несие қаражатын алу, субсидия алу, кәсіпкерлік ашу және т.б.) болып, тиісті кеңестерін алды. Бөлім арқылы ашылған "Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" facebook парақшасына 23 рет кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары, хабарландырулар, кәсіпкерлердің өнімдері мен мемлекеттік қолдау бағдарламалар арқылы қолдау тапқан шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері туралы мәліметтер жарияланды.

 

 З.Сарбуфеева, Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы


Мақаланың шыққан күні: 05.05.2020 11:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.05.2020 11:55

Қаралым саны: 127