Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілермен ұсынылатын ақпараттың нысаны

І. Кіріспе

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

«Мақаш ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді: жеке/заңды тұлға,/ электронды поштаның мекенжайы/телефон нөмірі. «Мақаш ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Makash_so@mail.ru Алға ауылы Сибағат ата көшесі 31А үй, 87123333142, 33141.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: басталды 26 маусым 2017 жыл аяқталды 30 маусым 2017 жыл.

4. Бақыланатын кезең: 2017 жыл қаңтар-шілде айларының қызметі.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Мақаш ауылдық округі әкімі аппараты, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді.

Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кезде дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатыстық.

Сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің этика ережесін бұзумен күрестің пәрменділігін арттыру мақсатында округте Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және сенім телефондары округ кеңсесінің көрнекі жерінде ілініп тұр.

Округке жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді уақытылы қарау үнемі бақылауда, тұрғындарды қабылдау өтеді және түсінік жұмыстар жүргізіледі.

Округ бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңы басшылыққа алынып жұмыстар атқарылып келеді.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырады.

Округ , мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау»

2. «жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру»;

2017 жылдың 6 айында барлығы 44 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1.«Шалғайдағы Көкарна, Қарақұл, Иманов елді мекендерде тұратын отбасыларының балаларын жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау жөнінде» - 42 өтініш тіркелді.

2. «Отбасыларға жеке қосалқы шаруашылықтарындағы мал басының бар болуы туралы анықтама беру» жөнінде – 2 анықтама тіркелді.

Қорытынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

«Мақаш ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық туғызатын қауыпы анықталған жоқ.

Алға қарайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жұмыстар округте жүргізіліп, үнемі бақылауда болады.


Мақаланың шыққан күні: 08.11.2017 06:00

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.11.2017 06:00

Қаралым саны: 946