Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.07.2020

Қызметтер

«Қаржыны басқаруда жемқорлыққа жол жоқ»

Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік қызметшінің, ел азаматтарының міндеті екендігі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында айқын көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп – қатерден ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алуға, анықтауға, олардың жолын кесуге және ашуға, зардаптарын жоюға және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің бұйрығымен бекітілген 2017 – 2019 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарын орындау бағытында жұмыстар атқарылуда.

Бөлімнің негізгі қызметінің бірі – бюджет қаражаттарының жұмсалуы мен қолданылуының айқындылығын қамтамасыз ету. Апта сайын тұрақты түрде қызметкерлермен өткізілетін кеңестерде мамандарға жемқорлық белгілерінің алдын - алып отыру шараларын ерекше назарда ұстау тапсырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің мәтіні мекемеде орналастырылған. Бөлім қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасының қағидалары орындалуы мен сақталуы бөлімнің ұдайы назарында ұсталып келеді.

Бөлім қызметкерлері мен олардың жұбайларының (зайыбының) меншігіндегі мүлкі және табысы жөніндегі мәлімдемелерін уақтылы және толық тапсырылуы қатаң бақылауда ұстанылады.

Аудандық мәслихатта және аудан әкімдігінің отырыстарында «Аудан бюджеттің орындалуы мәселелері» тақырыбында тыңдалып отырылады. Сонымен қатар, 2018 жылы бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің есепшілеріне «Мемлекеттік сатып алу» Заңындағы өзгерістеріне арнайы мамандар шақырту арқылы семинар ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі. Сондықтан, алдағы уақытта Мемлекет басшысының бізге жүктеген міндеттерін іске асыра отырып, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алуда күш – жігерімізді жұмсайтын боламыз

 

Бөлім басшысы: Қ.Сәлімгереева


Мақаланың шыққан күні: 23.05.2018 02:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.05.2018 02:28

Қаралым саны: 1038