Array Атырау облысының эпизоотиялық ахуалы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.03.2017

Қызметтер

Атырау облысының эпизоотиялық ахуалы

Атырау облысы ветеринария басқармасы Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №41 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру, құру және қайта атау туралы» Қаулысына сәйкес құрылған мемлекеттік мекеме.

Басқарманың атқаратын функциясы Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №214 «Атырау облысы Ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі» Қаулысымен бекітілді.

Облыста 1 қала, 7 аудан бар, оларда жергілікті әкімдіктерге қарасты қалалық және аудандық ветеринария бөлімдері құрылған. Осы бөлімдерге қарасты 8 ветеринариялық стансалар жұмыс жасайды. Олардағы 72 ветеринариялық пункттерде 202 ветеринар маман және 45 көмекші маман қызмет атқарады және төмендегідей техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген: 64 НИВА, ауру малдардарды тасымалдайтын 14 Валдай автокөлігі, 8 дезинфекция жасауға арналған ДУК автокөлігі, 8 Саньенг автокөлігі.

Облыста ветеринариялық бақылау және қадағалау жұмыстарымен қалалық және аудандық ветеринария бөлімі мен облыстық ветеринария басқарма айналысады.

1 шілдедегі статистикалық мәліметтер бойынша облыста 172 046 бас М.І.Қ, 675 533 бас М.Ұ.Қ, 67 572 бас жылқы, 32 002 бас түйе, 390 бас шошқа және 405 186 тауық тірелген. Олардың 163 881 бас М.І.Қ, 645 391 бас М.Ұ.Қ, 37 736 бас жылқы, 28 934 бас түйе, 216 бас шошқа ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына енгізілген. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес құлақ жапсырмалары республикалық қордан тегін жеткізіледі. Бірақ биылғы жылға сұратылған 116 220 М.І.Қ арналған сырға орынына 21 672 (18,6%) , 352 346 М.Ұ.Қ арналған сырға орынына 118 697 (33,6%), 11 211 түйеге арналған сырға орынына 4 756 (42,4%), 432 шошқаға арналған сырға орынына 146 (33,7%) сырға ғана тамыз айында жеткізіліп отыр.

Жыл сайынғы ветеринариялық алдын алу және балау шаралары Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіліп келеді. Облыста құтыру, сібір жарасы, оба, қарасан және құс тұмауына қарсы вакцинациялау, туберкулез және жылқының маңқасына аллергендік тексеру және иттің эхинококкозына дәрілік алдын алу шаралары жоспарға сай жүргізілуде.

Облыс бойынша 25 сібір жарасы мал көмінділерінің ошақтары анықталып, 22 мемлекеттік акт, 3 сызба жасақталып, қоршап, белгі қою жұмыстарына облыстық бюджеттен 125,0 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Облыс бойынша 28 инсинератор пештері іске қосылып, заңдастыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 42,290 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп, жұмыстар атқарылуда.

Облыста 11 типтік, 57 примитивтік мал моласы бар, 61 типтік мал моласын салуға облыстық бюджеттен 103,7млн теңге қаражат берілді.

Серологиялық жұмыстар көлемі көбеюіне байланысты облыстық бюджеттен қосымша 85,243 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылды.

Облыста 14 мал сою пункті, 13 мал сою алаңы, 12 ірілі-ұсақты ет өнімдерін өңдеу кәсіпорыны, 31 балық өнімдерін өңдеу кәсіпорыны, 6 сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорыны, 60 жануардан алынатын өнімдерді сақтау қоймалары, 792 шаруа қожалықтары бар.


Мақаланың шыққан күні:: 05.09.2016 17:36
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.09.2016 17:36