Array Көпшілік болып күресетін індет. | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.03.2017

Қызметтер

Көпшілік болып күресетін індет.

17.09.13

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мелекттің жаңа саяси бағыты» жолдауында «Аса маңызды міндет-сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» - делінген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі №267 заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес « мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдардар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы» сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Атырау облысы бойынша Қаржы басқармасы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы жоспары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруда.
Жыл сайын басқармада сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру мәселелері және «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңының, Ар-намыс кодексінің нормалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызмет және ҚР басқа да заңдарын білуді насихаттау жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Атырау облысы бойынша Қаржы басқармасы ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған, басшының азаматтарды Халыққа қызмет көрсету орталығында жеке қабылдау кестесі бекітілген, ол жергілікті баспасөзде жарияланып, ғимараттың стендінде орналастырылған.
Азаматтардың сенімін бекіту, қызметтің айқындығын, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі және басқарманың лауазымдық тұлғаларының Ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын бұзу, азаматтардың құқықтарын бұзу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың уақытында өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және басқармадағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін «сенім телефонының» үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған, ондағы телефон нөмірі және қабылдау кестесі тұрғындардың назарына «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері арқылы жеткізілген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9 – бабына сәйкес және Жоспарды орындау мақсатында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері және олардың жұбайлары 2013 жылғы кірістері және мүлкі туралы декларацияларын ұйымдастырып және уақытында тапсырды.
Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды орындау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет этикасы, мүдделер қақтығысының жолын кесу, қызметтік тәртіпті сақтау бойынша құқықтық оқытуды тұрақты жүргізіп отырады, бөлім басшылары бөлім мамандарымен жеке-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді, басқарманың әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу үшін жауапкершілік туралы ескертілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау және Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі талаптарын сақтау және Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы тұрақты бақылануда.

Қаржы басқармасының басшысы: Б.Жылқыбаев


Мақаланың шыққан күні:: 24.08.2016 18:01
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.08.2016 18:01