Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Энергия - әдеттегі тауар емес

Энергия біздің өміріміздің барлық салаларында бар, бейнелі айтқанда, оған бүкіл өміріміз сіңіп кеткен және энергияны тұтыну адамзаттың өмір сүруінің міндетті шарты болып табылады.

Энергия әдеттегі тауар емес. Электр энергиясының физикалық ерекшеліктері бұл тауарды ерекше етеді, бұл тараптардың құқықтары мен міндеттерінде және энергиямен жабдықтау міндеттемесінің мазмұнында көрсетіледі.

Көбінесе адамдар электр энергиясын тұтынушы ретінде олардың құқықтары бұзылғанда кімге хабарласуды білмейді.

Егер, Сізге техникалық шарттарды беруден бас тартса, электр энергиясының сапасы төмендесе немесе жарықты жиі өшірсе, Сіз Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментіне хабарласа аласыз.

Біздің Департамент энергетикалық жабдықтардың пайдаланылуы мен техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады. Біз электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қадағалаймыз.

Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кеңсеге келіп түскен өтініштер бойынша және Департамент басшылығының жеке қабылдауына жазылу үшін 8 (7122) 32-26-68 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Атырау қ., Абай көшесі 10А, 3 қабат

 

Департамент басшысы Ж.М.Айтказиев


Мақаланың шыққан күні: 12.05.2020 11:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.05.2020 11:55

Қаралым саны: 138