Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Еңбекші ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акциялар «Мақсат-жемқорлықты жеңу», «Жастар жемқорлыққа қарсы», «Жолдағы қоғамдық қабылдау», «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты қоғамдық тыңдаулар, акциялар өткізу үшін ауылдық округ әкімі жоспар жасақтап жұмыстар жасалуда

Мемлекеттік орган қызметкерлерінің, білім беру жүйесінің педогогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында, Еңбекші орта мектебінде, «Ақтолқын» балабақшасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың ұғымын, сыбайлас жемқорлық көріністері фактілерімен тап келген кезде азаматтардың іс-әрекеттер тәртібін, сонымен қатар мұндай фактілерге дем бергені үшін жауапкершілігін түсіндіретін жаднама жасақталып, таратылды.

Ауылдық округ әкім аппараты дәлізінде сыбайлас жемқорлық көріністері, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орындалысы жөнінде болған келеңсіз жағдайларды хабарлау үшін сенім телефоны (3-15-99) орнатылған. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін салатын жәшік орнатылып, оны округ әкімінің өкімімен бекітілген комиисия мүшелері күнбе-күн қарап, қортындысы жөнінде акт жасап отырады.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында ауылдық округ бойынша комиссия құрылып жұмыс жасауда.

Салық комитетіне жыл сайын табыстайтын мүлкі мен, табысы жөнінде декларацияны, округтегі мемлекеттік қызметкерлер уақытынан кеш қалмай табыстаған.

Орталықтағы Қ.Қаусов көшесінің бойында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында билборд ілінген.

Еңбекші ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын–алуға 2017 жылға арналған іс–шаралардың медиа–жоспары жасақталып, іс-шараға сәйкес жұмыстар жасалынуда.


Мақаланың шыққан күні:: 29.03.2017 10:25
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.03.2017 10:25