Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.09.2017

Қызметтер

Электрмен қамту, сумен қамту, су бұру, газбен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету және тұрғын үй қоры

Электрмен қамту

Атырау қаласы және Атырау облысын электрмен қамту «АтырауЖылуЭлектрОрталығы» АҚ-мен іске асырылады және «АтырауЖарық» АҚ-ның желілерімен Ресейден және «КЕГОК» АҚ-ның желілерімен Маңғыстау облысынан электр энергиясымен қамтылады.

Қазіргі таңда, «АтырауЖЭО» соммарлық қуаты 318 МВт болатын газтурбиналық қондырғылармен толықтай Атырау облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде.

«Атырау мұнай өңдеу зауытының» өзінің қажеттілігін соммарлық қуаты 18 МВт-ты құрайтын газтурбиналық электр станциясы қамтиды.

«Теңізшевройл» ЖШС-гі нысандарының қажеттіліген 478 МВт-ты ГТС-144 және ГТС-480 газтурбиналық электр станциялары қамтамасыз етеді.

Карабатан зауытының қажеттілігін «NCOC» компаниясының қуаты 236 МВт-ты газтурбиналық станциясы қамтиды.

«МАЭК-КазАтомПром» электроэнергиясы «КЕГОК» АҚ-ның желілерімен жеткізіледі. «КЕГОК» АҚ-ның теңгерімінде кернеуі 220 кВ электр желілерінің ұзындығы 1679,5 шақырым және 5 қосалқы станциясы бар.

«АтырауЖЭО» электр энергиясының таратылуы мен жеткізілуі теңгерімінде 0,4-110 кВ жалпы ұзындығы 9613,2 шақырым, 1704 дана трансформаторлық станциялары, 76 дана қосалқы станциялары бар аймақтық электр желілік компаниясы «АтырауЖарық» АҚ-мен электр желілерімен іске асырылады,

Сондай-ақ, «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ-ның теңгерімінде 125,8 шақырым электр желілері, 50 трансформаторлық станциялары бар.

Бұдан басқа, Атырау қаласы және аудандар теңгерімінде 1499,24 шақырымды құрайтын электр желілері, 585 дана трансформаторлық станцяилары бар.

Барлығы 11237,9 шақырым электр желілері, 2323 трансформаторлық станциялыры, 82 дана қосалқы станциялыры бар.

2016 жылы 90 шақырым электр желісін, 2017 жылы - 54 шақырым , 2018 жылы - 85,6 шақырым, 2019 жылы - 85,5 шақырым, 2020 жылы - 57,3 шақырым желі жөндеу жоспарланды. Нәтижесінде жаңғыртылған желілер үлесі 2016 жылы 4,2%, 2017 жылы - 2,5%, 2018 жылы - 4 %, 2019 жылы - 3,99 %, 2020 жылы - 2,67% құрайды.

Сумен қамту

Облысты сумен қамту көздері болып Жайық, Қиғаш өзендері және 12 жер асты көздер.

Орталықтандырылған су жүйесімен 566 634 адам немесе 97,4 пайызы қамтылған. Орталықтандырылмаған су жүйесімен 13172 адам немесе 2,2%, тасымалды сумен 1662 адам немесе 0,2 пайыз.

Су желілерінің жалпы ұзындығы 3519,4 шақырым, бұл желілер коммуналдық теңгерімде.

Сондай-ақ, облыс бойынша 64 су тазарту имараты, оның ішінде Атырау қаласында бір дана су тазарту имараты және 63 су тазарту имараты аудандарда.

Қалаларда жеке су есептегіш құралдарының қамтылуы 99 пайызды құрайды.

Ауылдарда жеке есептегіш құралдарының қамтылуы 80 пайызды құрайды.

Облыс бойынша 123 қызмет көрсетуші мекемесі және кәсіпорын бар, оның ішінде 3 базалық су беруші мекемелер. (КМК).

Қалаларды сумен қамту

Қала халқының (274699) орталықтандырылған сумен қамтылуы 96,3 пайызды құрайды немесе 264533 адам, оның ішінде Атырау қаласы 100 пайыз 218226 адам, Құлсары қаласы 82 пайыз 46307 адам, жалпы халық санынан алғанда 56473 адам.

Атырау облысының 2 қаласының су желілерінің ұзындығы 1265 шақырымды құрайды, бұл желілер коммуналдық теңгерімде.

Атырау қаласын сумен жабдықтау «АтырауСуАрнасы» КМК-мен іске асырылады, Жайық өзені су көзі болып табылады. «АтырауСуАрнасы» КМК-ның теңгерімінде 911 шақырым су желісі, қуаты 120 мың шаршы метр бір су тазарту имараты, 1-ші және 2 көтеру сорғы стансасы, 4 сүзгі стансасы, 7 таза су резервуары.

Құлсары қаласының тұтынушыларын сумен қамтитын «ЖылыойСу» КМК-ны, бұл кәсіпорында 375 шақырым су желісі бар. Сумен қамту көзі болып қуаты 1,5 мың/шаршы сағатына «КазТрансОйл» КМК-ның су тазарту имараты болып табылады.

2016 жылы қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту үлесін көбейту жоспарланған (283208адам) немесе 99,1%, 2017жылы - (290 334 адам) 99,4% немесе 288 588 адам, 2018 жылы халық саны (299 356) 99,6% немесе 298 180 адам, 2019 жылы халық саны (306 293) 99,8% немесе 305 699 адам, 2020 жылы халық саны (314 167) 100% немесе 314 167 адам.

Ауылдық елді мекендерді сумен қамту

Облыс бойынша барлығы 164 ауылдық елді мекен (бұдан әрі-АЕМ) бар, (281523 адам), оның ішінде 123 АЕМ немесе 75 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған (291935 адам), 30 АЕМ немесе 18,2 пайыз орталықтандырылған (13172 адам), 11 АЕМ немесе 6,7 пайыз тасымал сумен қамтамасыз етіледі (1662 адам).

2015-2016 жылдары 5 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі, қамтамасыз етілу 78% құрайды. 2017 жылы 3 орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі, қамтамасыз етілу - 79,8%, 2018 жылы 2 елді мекен немесе 81%.

31 елді мекенді орталықтандырылған сумен қамтылуы тиімсіз болып саналған.

АЕМ-гі су желілерінің жалпы ұзындығы 2196,6 шақырым және 62 дана су тазарту имараттары 121 пайдаланушы мекемерге қызмет көрсетуге берілген.

Су бұру

Облыс бойынша кәріз желісімен 12 елді мекен қамтамасыз етілген, жалпы елді мекеннен 7,2 пайызды құрайды.

Атырау қаласы бойынша 295,1 шақырым кәріз желісі, 57 дана жалпы қуаты күніне 25 мың шаршы метр кәріз сорғы станциясы және кәріз тазарту имараты бар.

Сондай-ақ 2 кәріз тазарту имараты, оның ішінде 1 кәріз тазарту имараты, қуаты 6,8 мың шаршы метр Махамбет ауданында және 1 кәріз тазарту имараты қуаты 4,8 мың шаршы метр Индер ауданында.

Аудандар бойынша кәріз желілерінің ұзындығы 156,35 шақырым, 2 кәріз тазарту имараты және 44 дана кәріз сорғы станциясы бар. Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 466,62 шақырымды құрайды. Барлық желілер коммуналдық теңгерімде.

Су бұру жүйесіне қосылған халық саны 38,9 пайыз, 2015 жылы - 39,4 пайызды құрайды. Сондай-ақ, 2015 жылы 0,2 шақырым су бұру желісін жаңғырту жоспарлануда.

2016 жылы қала тұрғындарының орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылу (283 208) 37,9% құрайды немесе 107 522 адам, 2017 жылы халық саны (290 334) 39,4% немесе 114 388 адам, 2018 жылы халық саны (299 356) 43,8% немесе 131 184 адам, 2019 жылы халық саны (306 293) 44,04% немесе 134 864 адам, 2020 жылы халық саны (314 167) 44,49% немесе 139 757 адам.

Газбен қамтамасыз ету

Қазіргі уақытта Атырау облысындағы газ құбыры желісі 166 елді мекеннің (164 ауыл және 2 қала) 2 қаласы және 126 ауылын табиғи газбен қамтамасыз етеді. Облыстың газбен қамтылуы 95% құрайды.

Облыста 39 елді мекен газдандырылмаған, елді мекендердің шалғай жерде орналасқандықтан және тұрғындардың аз болуынан газ құбырының құрылысын салу экономикалық тиiмсiз болып есептеледi. Қазіргі уақытта олар баллондардағы сұйытылған газбен қамтамасыз етiледi.

Облыстағы табиғи газдың негізгі жеткізуші болып «Теңізшевройл» ЖШС-гі табылады. Тұтынушыларға газ «ИнтерГазОрталықАзия» АҚ-мы магистралдық газ құбыры арқылы беріледі. Облыстың тұтынушыларын табиғи газбен қамтамасыз ететін: «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау филиалы, «АтырауГазИнвест» және «ЖылыойГаз» ЖШС-тер.

Атырау қаласының газ тарату желілері екі бөлігінен құралады: Жайық өзенінің оң және сол жағалауы.

«Финдік» автоматтық газ тарату станциясы (әрі қарай - АГТС) арқылы қаланың оң жағалауы, Ракуша, Еркінқала, Жұмыскер және Махамбет ауданының Алмалы, Береке елді мекендірі газбен қамтамасыз етіледі.

«Урожай-10» АГТС-сы арқылы қаланың сол жағалауы, Талғайран, Ақжар, Ақсай, Бірлік, Бесікті, Томарлы, Геолог ауылдары қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, «АтырауЖылуЭлектрОрталығы » автоматтық газ тарату станциясы арқылы Дамбы, Құрманғазы, Жаңаталап, Атырау, Көкарна, Ақжайық, Тасқала, Водников, Балықшы, Құрсай ауылы газбен қамтылады.

Облыс бойынша газ құбырының жалпы ұзындығы 4762,3 шақырымды құрайды, оның ішінде: жоғары қысымды газ құбыры - 992,07 шақырым, орта қысымды - 1356,96 шақырым және төмен қысымды - 2450,31 шақырым.

Облыстың негізгі өндіріс мекемелерін және тұрғындарын табиғи газбен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау филиалы қамтамасыз етеді.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау филиалы теңгерімінде 4286,5 шақырым газ құбыры, 6580 шкаф типті газ тарату пункті (әрі қарай- ШТГТП), 203 ГСГО және 8 АГТС.

«АтырауГазИнвест» ЖШС-гі теңгерімінде 66 шақырым газ құбыры, 540 ШТГТП) және 1 ГСГО бар. Бұл мекеме Атырау қаласының Авангард және Лесхоз ықшам аудандарының тұтынушыларын газбен қамтамасыз етеді.

Жылыой ауданын газбен қамтамасыз ететін «Жылыой газ» ЖШС-гі. Бұл мекеменің теңгерімінде 409,9 шақырым газ құбыры, 129 ШТГТП, ГСГО, АГТС бар. 2016 жылы 36 шақырым желі жөндеу жоспарланды, 2017жылы – 15шақырым, 2018 жылы – 8 шақырым, 2019 жылы – 11шақырым, 2020 жылы – 14 шақырым. Нәтижесінде жаңғыртылған желілердің үлесі 2016 жылы - 0,8% құрайды, 2017 жылы - 0,3%, 2018 жылы - 0,18%, 2019 жылы - 0,24%, 2020 жылы - 0,31%.

Жылумен қамтамасыз ету

Облыс бойынша 6 орталықтандырылған және 530 автономдық жылумен қамтитын көздері бар.

Атырау қаласын орталық жылумен қамтитын «АтырауЖылуЭлектрОрталығы» АҚ-мы. ЖылуЭлектрОрталығының қуаты 695 Гкал/сағатына, 13 жылу және су жылыту қазандарымен қызмет атқарады.

Орталықтандырылған жылумен қамту аумағына қаланың оң, сол жағалауы және Оңтүстік-Шығыс өндірістік аймағы жатады.

Сонымен қатар, Балықшы поселкесінде қуаты 18 Гкал/сағ 6 жылу қазандығы бар жылу орталығы бар.

Қаланың 1 учаскесінде, қуаты 14,8 Гкал/сағ «АтырауСуАрнасы» теңгерімінде гі жылу орталығы бар.

Тұтынушыларға жылу «АтырауЖылуЖүйесі» АҚ-ның желілері арқылы таратылады. Бұл мекемеде 424,4 шақырым жылу жүйесі, 44 жылу пункті, жалпы өнімділігі 2400 м3/сағ. 2 насостық станция бар.

Барлығы 517,4 шақырым жылу желісі бар, оның ішінде: коммуналдық меншікте - 57,04 шақырым, жеке меншікте - 424,4 шақырым (82%) және 36 шақырым иесіз желі бар.

2016 жылы 24,99 шақырым жөндеу жоспарланды, 2017 жылы - 24,99 шақырым, 2018 жылы - 32,47 шақырым, 2019 жылы - 27,80 шақырым, 2020 жылы – 27, 27 шақырым. Нәтижесінде жаңғыртылған желілердің үлесі 2016 жылы - 5,8%, 2017 жылы - 5,8%, 2018 жылы -7,6%, 2019 жылы - 6,5%, 2020 жылы - 6,4%.

 

 

Тұрғын үй қоры

Атырау облысы бойынша жалпы көлемі 11 406,9 шаршы метрді құрайтын 46 мың тұрғын үйі бар.

1500 көппәтерлі тұрғын үй 3 337,9 шаршы метр (немесе 29,3 пайызы).

282 кондоминиум нысандары тіркелген, жалпы көппәтерлі тұрғын үймен салыстырғанда 19 пайызды құрайды. 74 кондоминиумды басқару органдары бар, 87 тұрғын үй апатты немесе бұл 46,3 шаршы метрді құрайды.

2014 жылы жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 24,9 пайызды құрайды, 2015 жылы 6 үй жөндеуден өткізіліп, 24,3 пайызды құрайды.

2016 жылы бұл көрсеткіш - 23,8%, 2017 жылы - 21,4%, 2018 жылы - 19,1%, 2019 жылы - 16,8%, 2020 жылы - 14,4% құрайды.


Мақаланың шыққан күні:: 02.09.2016 11:25
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.09.2016 11:25