Array Электрондық аукцион – заман талабы. | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.03.2017

Қызметтер

Электрондық аукцион – заман талабы.

19.12.2013

Қазақстан Республикасы Президенті 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында барша қазақстандықтарды ақпараттық мүмкіндіктерді барынша белсенді игеруге шақырған болатын.
Осындай мүмкіндіктерді кеңейту үшін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бастамасымен ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік мүлікті сату бойынша электрондық аукцион өткізу қолданысқа енгізілді.
Атырау облысы Қаржы басқармасы өз қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылатын мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және жүзеге асыру үшін Тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, on-line режимінде мемлекеттік мүлікті сату бойынша сауда-саттықтың электрондық нысанын өткізуді жоспарлауда.
Тізілімнің веб-порталы - www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлік тізілімінің жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс.
Жалпы, жекешелендіру дегеніміз – мемлекеттік мүлікті арнайы рәсімдер шеңберінде жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне сатуы.
Жекешелендіру объектісі – мүліктік кешен ретіндегі мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме, мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі, акционерлік қоғамдардың акциялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздар.
Жекешелендірудегі мақсат – мемлекет мүлкін жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану.
Жекешелендіру сауда-саттықтың аукцион және тендер, сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендей қазіргі заман талабына сай электрондық аукцион нысанында жүзеге асырылады.
Сауда-саттықтың электрондық нысаны коммуналдық мүлікке жатқызылатын жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукциондарды өткізуге мүмкіндік береді, яғни оған кез-келген мекенжайда орналасқан ниет білдіруші қатыса алады және бұл өз кезегінде сауда-саттықтың толық ауқымды көлемде өтуіне, процесті жылдамдатуына, ықшамдатуына мүмкіндік береді.
Жекешелендіруді жекелей алып қараған кезде, сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін ауқымды процесс болып табылады, сауда-саттыққа потенциалды қатысушыларының ортасын азайтады, себебі потенциалды қатысушылар үшін сауда-саттық өтетін жерге бірнеше рет баруға тура келуіне байланысты қаржылай шығындардың болуын қажет етеді.
Атап айтқанда, Интернет желісінің кез келген пайдаланушысы, оның ішінде шет елдегі Интернет желісінің пайдаланушылары да сатушының аукцион залдарына бармастан электрондық өтінімді бере алады.
Электрондық аукционға ықтимал қатысушыларға Ұлттық куәландырушы орталықтардан берілетін электрондық цифрлық қолтаңбаларды халыққа қызмет көрсету орталықтарында алдын-ала алу қажет етіледі.
Электрондық сауда-саттыққа қатысуға ыңғайлы болу үшін www.gosreestr.kz веб-порталындағы «Жекешелендіру объектілерін сату бойынша электрондық аукцион» бөлімінде толық танысуға болатын нұсқаулық өңделген.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган) аукцион туралы хабарламаны аукцион өткізілгенге дейін кемінде он бес күн бұрын қазақ және орыс тілдерінде мерзімді баспа басылымдарында және Тізілімнің www.gosreestr.kz веб-порталында жариялайды.
Хабарлама жарияланғаннан кейін сатушы барлық ниет білдірушілердің Тізілім веб-порталы арқылы жекешелендіру объектісі және сауда-саттықтарды өткізу ережесі туралы ақпараттарға қол жетімділігі қамтамасыз етіледі.
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін қырық сегіз сағат бұрын аяқталады.
Сатушы электрондық өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық аукционға қатысу үшін жеке және заңды тұлғалар ұсынған электрондық өтінімдер мен құжаттарды қарайды және қатысушының Тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына электрондық өтінімді қабылдау немесе электрондық өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Сатушымен электрондық аукционға жіберген қатысушыға Тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Аукцион залында электрондық аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұманы қоса алғандағы кезеңде өтеді. Электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.
Электрондық аукцион ағылшын немесе голлландық әдіс бойынша жүргізілетін болады.
Мемлекеттік мүлік тізілімінің қызмет етуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі №802 қаулысына сәйкес Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында бірыңғай оператор болып айқындалған, «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамымен жүзеге асырылады.
Электрондық аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады: 8 (7122) 27-11-23, 35-45-87.

Атырау облысы Қаржы басқармасының Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі бөлімінің басшысы Рахметқалиева Қарлығаш Жанкелдіқызы.


Мақаланың шыққан күні:: 24.08.2016 18:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.08.2016 18:11