Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.10.2017

Қызметтер

Экономика

Облыс экономикасы алға қарай әртараптандыру үшін әлеуеті бар мейлінше үйлесімді дамыған өңірлердің бірі болып табылады. Кедендік одақ аясында, сондай-ақ Ресейдің ірі өнеркәсіптік өңірлеріне (Самара, Саратов, Орынбор, Астрахан) жақын орналасуы есебімен одан әрі дамытудың зор мүмкіндіктері бар. 

Мұнайхимия, машинажасау, тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясы дамыған.

Облыс және қаланың экспорттық ірі өнеркәсіп кәсіпорындары:

  • «АМӨЗ» ЖШС;
  • «Эмбімұнайгаз» АҚ;
  • Аджип ККО;
  • «Теңізшевройл» ЖШС;
  • «Атырау Нефтемаш» ЖШС;
  • «Рауан налко» ЖШС;
  • «Шеврон МұнайГаз Инк».

         2012 жылғы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі – 3105 млрд. теңгені  құрап, еліміздің ЖӨӨ-нің барлық үлесінің 10,3%-ын құрайды.  Бір адамға шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші бойынша облыс 1 орында.
         Қазіргі таңда өңірде, еліміздің 24,9% өндірістік өнімдері және 46,7% мұнай мен 35,7% газ өндіріледі. Негізгі капиталға салынған инвистициялар үлесі -18,9%.
         Өңірлердің 2012 жылғы даму деңгейі рейтингісінің қорытындысы бойынша облыс 1 орынға ие болды.

  


Мақаланың шыққан күні:: 26.01.2016 16:43
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.12.2016 17:22