Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.10.2017

Қызметтер

Қосымша

Мүйізді ірі қараның нодулярлық дерматиті бойынша жарияланған карантиндік шаралар шеңберінде аурудың таралуын болдырмау мақсатындағы жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша күні бүгінге дейін 848 бас малдың ауруды жұқтырғандығы анықталса, оның 636 басы клиникалық сауыққан (75%), 168 бас малға емдеу шаралары жүргізілуде (20%), 44 бас мал шығын болған (5,%).

– Аталған ауру еліміз бойынша бұрын-соңды кездеспегендіктен, сондай-ақ өзге малдарды індетті жұқтырудан сақтандырудың арнайы тәсілдері болмағандықтан жалпы қабылданған симптоматикалық емдеу тәсілдерін қолданудамыз, ауруды емдеу шараларының нәтижелілігі, ең алдымен ауруды жұқтырған малдың дер кезінде анықталып, оқшауландырылып, ветеринар мамандардың індеттік үрдістерді жіті қадағалай отырып жүргізген емдеу шараларына, сондай-ақ мал иесінен талап етілетін тиісті деңгейдегі күтімінебайланысты, – дейді ауруды емдеумен айналысып жатқан ветеринар мамандар.

Аудан әкімдігі жанынан арнайы комиссия құрылып, індеттің таралуын болдырмау мақсатындағы ветеринариялық-профилактикалық шаралардың тиісті деңгейде жүргізілуін ұдайы бақылауда ұстау, аурудың белгілері мен күдікті жағдайлардағы мал иесі тарапынан алынуы тиіс шаралар жөнінде ақпарат құралдарында хабарламалар берілуі, жергілікті әкімдіктер арқылы тұрғындарға арналған ветеринариялық нұсқаулық бетшелерін тарату шаралары алынған.

Республикалық эпизоотияға қарсы отрядпен аудан шегінде ветеринариялық бақылау бекеті орналастырылып, індет қоздырғыштарының таралуының алдын алу мақсатындағы дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 11:13
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.09.2016 12:23