Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.10.2017

Қызметтер

Қосымша

Облыс аумағы 11863,1 мың.гектарды құрайды және облыстық маңызы бар қала мен 7 ауданнан тұрады.



Санаттар атауы
мың.га
I Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 2516,6
II Елді-мекендер жері 1349,9
III Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер 672,4
IV Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері 156,5
V Орман қоры жері 53,0
VI Су қоры жері 18,8
VII Босалқы жерлер 6346,3
  Барлығы 11113,5
  Басқа мемлекет, облыс және аудандардың жер иеленушілерінің пайдалануындағы жерлер 749,6
  Облыс аумағы 11863,1

 

«Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы» ММ келесіні хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №270 «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы», №271 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» және №272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы №151 «Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы бұйрықтарына, Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №182 қаулысымен «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» және 2016 жылғы 4 шілдедегі №137 қаулысымен ««Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен регламенттер бекітілді.

Олар:

1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет, мерзімі 3 жұмыс күн ішінде жеке және заңды тұлғаларға қағаз түрінде тегін көрсетіледі;

2. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет, мерзімі 10 жұмыс күн ішінде жеке және заңды тұлғаларға электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде тегін көрсетіледі;

3. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет, мерзімі 7 жұмыс күн ішінде жеке және заңды тұлғаларға электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде тегін көрсетіледі;

4. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет, мерзімі 30 күнтізбелік күн ішінде жеке және заңды тұлғаларға электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде тегін көрсетіледі;

5. «Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет, мерзімі 30 күнтізбелік күн ішінде жеке және заңды тұлғаларға электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде тегін көрсетіледі;

6. «Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет, мерзімі 50 жұмыс күн ішінде электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде тегін көрсетіледі;

7. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет, мерзімі 30 күнтізбелік күн ішінде жеке және заңды тұлғаларға қағаз түрінде тегін көрсетіледі;

8. «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» туралы мемлекеттік көрстелетін қызмет, мерзімі 30 жұмыс күн ішінде жеке және заңды тұлғаларға қағаз түрінде тегін көрсетіледі.

Жоғарыдағы аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Атырау облысы әкімдігі мен Атырау облысы Жер қатынастары басқармасымен өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетеді.

Анықтама үшін байланыс телефондары:8(7122)27-09-91, 27-11-15


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 13:14
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.07.2017 12:10