Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Махамбет ауданының Жайлашевтар ұстаздар әулеті

Махамбет ауданының Жайлашевтар ұстаздар династиясының тарихы 1930 жылы дүниеге келген Жайлашев Нүредин ақсақалдан басталып, ата кәсіп 3 ұрпаққа жалғасады.

Жайлашев Нүредин Ақтоғай ауылындағы тарих пәні мұғалім, Егізкөл мектебінің меңгерушісі, директоры, Фурманов орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, осы мектеп директоры болып жұмыс жасады. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері».

Зайыбы Қанатова Қапия – Махамбет ауданы мектептерінде математика пәні мұғалімі болып жасады. ҚазССР Білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Жайлашев Жақсылық - Қызылүй, Таңдай мектептерінде, Махамбет мектеп-интернаттында мұғалім, Махамбет аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, аудандық кеңес төрағасының орынбасары қызметтерінде болған. ҚазССР және КСРО Халық ағарту ісінің үздігі.

Жайлашев Самат Нүрединұлы - тарих пәнінің мұғалімі, мектеп директоры, қазіргі уақытта - Махамбет аудандық білім беру бөлімінің басшысы, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин» төсбелгілер иегері. Салауат Нүрединұлы - физика пәнінің мұғалімі, Маңғыстау облысында тұрады. Қыздары Гүлнар Нүрединқызы - Қосарал орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, Эльмира Нүрединқызы - информатика пәні мұғалімі.

Немере-шөберелері, келіндері, жалпы саны 19 адам Жайлашевтар ұстаздық әулетінің тарихын жазып келеді.

Бұл әулеттердің жас ұрпаққа берер үлгісі мол.

 


Мақаланың шыққан күні: 09.11.2017 01:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2017 01:58

Қаралым саны: 1130