Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2020

Қызметтер

Атырау қаласының Едішевтер ұстаздар әулеті

Атырау қаласының Едішевтер ұстаздар әулетіАтырау қаласының Едішевтер ұстаздар әулеті Төлеген Едішұлы мен Меруерт Рахметовадан басталады.

Ұстаздық еңбек жолын Қызылқоға ауданынан бастаған Төлеген Едішұлы физика, астрономия пәндерінің мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. Қаз ССР-нің оқу ісінің үздігі, «Аға оқытушы» атағын иеленген.

Зайыбы Рахметова Мерует Айжарыққызы Қызылқоға ауданы мектептерінде дене шынықтыру, одан әрі бастауыш сыныбының мұғалімі болып жұмыс жасады. Жангелдин атындағы совхоздың «Балбөбек» бала бақшасының меңгерушісі болып, зейнеткерлікке шықты. Сегіз бала дүниеге әкелген «Күміс алқа» иегері. Бүгінде ұстаздық кәсіпті меңгерген алты қыздары - Лира, Майра, Роза, Жанар, Алтын, Бибігүл Төлегенқыздары, Төлегенқызы Жанардың ұлы - Асқар Амандықұлы облыс мектептерінің айтулы ұстаздарының қатарында.

 

 

 

 

Атырау қаласының Едішевтер ұстаздар әулеті


Мақаланың шыққан күні: 09.11.2017 01:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2017 01:19

Қаралым саны: 1603