2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Исатай ауданының Бисенғалиевтер ұстаздар әулеті | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

Исатай ауданының Бисенғалиевтер ұстаздар әулеті

Династия учителей Бисенғалиевых из Исатайского района

Исатай ауданының Бисенғалиевтер ұстаздар әулетінің тарихы 60- жылдардан бастау алып, 4 буынға жалғасқан.

Ұстаздар әулетінің басы - Бисенғалиев Ғабдрахим атамыз. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқарған. Ұстаздық еңбек жолы - 46 жыл. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері». Бүгінде өзі еңбек еткен Исатай ауданы Х.Наубетов атындағы орта мектепте Бисенғалиев Ғабдрахимның атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті жасақталған.

Зайыбы Дисенғалиева Қасиет - бастауыш сынып мұғалімі. Ғабдрахим ағай екеуінің ұстаздық еңбектің абыройлы қасиетін ұрпақтарының бойына сіңіргендігі сол - бүгінде екі ұлы мен екі қызы ұстаздық жолда.

Қыздары Мағияш - тарих пәнінің, Гүлнар - бастауыш сынып мұғалімі, ұлдары Бақтыгерей Ғабдрахимұлы - орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, мектеп директоры қызметтерін атқарып, бүгінде зейнеткерлік демалыста. Кіші ұлы Сұлтангерей - ата-анасы еңбек еткен Х.Наубетов орта мектебінде тарих, технология пәндерінен сабақ береді, өз ісінің шебері.

Ұстаздық династияны Әлібек, Гаухар, Гүлмира, Алмара, Әліби, Нұржан, Гүлбағила, Гүлсара, Дана, Арайлым атты немерелері жалғастырып келеді.

Династия учителей Бисенғалиевых из Исатайского района


Мақаланың шыққан күні: 09.11.2017 01:37

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2017 01:37

Қаралым саны: 1379