Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.09.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауданының Бақтыгереевтер ұстаздар әулеті

Құрманғазы ауданының Бақтыгереевтер ұстаздар әулетінің негізін қалаушы - облысқа белгілі ардагер ұстаз - Меңдіхан Бақтыгерейұлы.

Меңдіхан Бақтыгерейұлының ұстаздық еңбек жолы 1963 жылы Құрманғазы ауданы Сафон мектебінен басталды. Аудандық білім беру бөлімінің инспекторы, Еңбекші, Б.Бегалиев атындағы мектеп директоры қызметтерінде болып, ұстаздық кәсіптің қыр-сырын меңгерген Меңдіхан Бақтыгерейұлы - аудан, облыс ұстаздарының ұстазы. Бірнеше мәрте ҚР Білім министірлігінің грамотасымен марапатталды. Еңбекші селолық советінің депутаты.

Зайыбы Шалттық Сарсекееваның бастауыш сынып мұғалімдіктегі еңбек өтілі - 40 жыл. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Методист-мұғалім» төсбелгілер иегері. Сонымен қатар, «Күміс алқа» иесі: Бақтыгереевтер отбасы 2 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірген.

Қыздары Тоты Меңдіханқызы - Ганюшкин мектеп-интернатында биология, Жанар Меңдіханқызы – Б.Бегалиев атындағы орта мектебінде ағылшын тілі, Нұрия Меңдіханқызы - М.Әуезов атындағы орта мектебінде тарих және география, Шынар Меңдіханқызы - Атырау қаласы №15 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті, ұлдары Ризабек Меңдіханұлы - Абай атындағы орта мектебінің тарих және құқық пәндерінің мұғалімдері.

Жиені Ботагөз де шет тілдері оқытушысы мамандығын таңдаған.

 

 


Мақаланың шыққан күні: 09.11.2017 01:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2017 01:56

Қаралым саны: 1603